Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


 Жарларына уақыт бөле алған ба?



Pdf көрінісі
бет73/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

60. Жарларына уақыт бөле алған ба? 
Аллаһ расулы (с.а.с.) дін Исламның қызметі мен мемлекет басқару 
сияқты үлкен істі атқара жүріп жұбайларына уақыт бөлуді де ұмытпайтын. 
Сахабаларымен әрдайым бірге болып, оларды тәрбиелеуге ден қоя жүріп 
отбасымен көңіл көтеруге де уақыт табатын. Отбасының ынтымағын сақтау 
үшін әр кеш сайын қонатын үйіне барлық жарларын жинап әңгіме- дүкен 
құратын. Пайғамбарымыз ғибратты әңгімелер айтып, кейде әзілдесіп 
жұбайларына шаттық сыйлайтын. Үйдің басшысы, отағасы болғандықтан 
отбасына аса мән беріп, хал-жағдайларын сұрап ізгі насихат айту арқылы 
көңілдерін көтеруге тырысатын. Отбасы мүшелеріне дінді түсіндіру үшін 
арнайы уақыт бөліп, бірге болатын. Түнде тұрып, жарларының біреуінің хал-
жағдайын сұраса, дереу өзге жұбайларының да бөлмелерін аралап, олардың 
да көңілдерін аулайтын, сондықтан әрбір жары өзін Рақым елшісінің ең 
сүйіктісі санайтын. Бұл да Расулаллаһтың теңдессіз мәрттігінен туындаған. 
Алайда жүректің біреуді өзгеден артығырақ жақсы көруіне ешкімнің бөгет 
бола алмайтыны рас. Аллаһ расулы жүректің біреуді артығырақ жақсы көруі 
секілді өте нәзік мәселеде Хақ тағаладан кешірім тілеп: «Байқамай біреуін 
өзгелерінен артық жақсы көруім мүмкін. Оным әділетсіздік болар. Раббым, 
қолымнан келмейтін осы мәселеде рақымыңа сыйынамын» (191 Тирмизи, 
Никах, 41; Ибн Сағыд, Табақат, 2/231.) , – деп жалбарынатын.
Жеребе тастау арқылы әйелдерімен қалатын түндерін белгілеп әрі сол 
түндерде әрқайсымен кеңесу уақытынбөліпқойған. Тіпті әйелі хайыз халінде 
болса да түнгі кезегінен аттап кетпей, кең отырып, сұхбаттасып, рухани азық 
беретін. Сонымен қатар, әрбір таң намазы мен екінті намаздарынан кейін 
әйелдерінің әрқайсына жеке-жеке зиярат жасап, әңгімелесетін.
Мысалы, бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) еш ұйықтамастан түні бойы 
Сафиямен әңгімелескен, өйткені бір күн бұрын шайқаста әкесі мен бірнеше 
туыстары қайтыс болған Сафия осылайша жақыннан әңгімелесуге қатты 
мұқтаж еді. Аллаһ елшісі осыны байқағандықтан көңілін аулаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет