Аллаһ елшісінің (с.а.с.) ер балаларының қайтыс болуының тағы бір
сыры, Ибраһим пайғамбардың (а.с.) баласымен сыналғаны секілді, Аллаһ
елшісі (с.а.с.) ер балаларының дүниеден жастайынан озуымен үлкен сынаққа
түсуі. Құранда:
اَمّنِإ
ْمُكُلاَوْمَأ
ْمُكُدَلا ْوَأَو
ةَنْتِف
«Шын мәнінде, балаларыңмен дүние-мүліктерің сендер үшін
сынақ»
(«Тәғабун» сүресі, 15-аят.) деген. Ал мұндай сынақтың ең ауыры да
Пайғамбарларда болмақ. Бір хадисте: « Ең ауыр сынақ пайғамбарларда
болады, сосын одан кейін келгендерде, сосын одан кейін келгендерде » деп,
ең ауыр сынаққа Пайғамбарлар түсетінін айтқан. Аллаһ елшісінің Аллаһтан
келген сынағы: әкесінің қайтыс болуы,
сосын өзін қорғап, демеп жүретін
көкесінің қайтыс болуы, сосын жан жолдасы Хадиша анамыздың қайтыс
болуы. Аллаһ елшісі (с.а.с.) бұлардың барлығына сабырлық танытып,
Аллаһқа деген иманының беріктігін көрсете білді.
Ер балаларының қайтыс болуының тағы бір сыры бүлік пен саяси
шиеленістердің болуынан мұсылман үмбеті қорғалды.
Пайғамбарымыз
(с.а.с.) өзінен кейін кімнің халифа болатын мұсылмандардың кеңесіп
шешуіне қалдырып кетті. Өзінің бала- сы немесе туысы болсын деп айтпаған,
сондықтан халифалыққа Пайғамбарымыздан кейін Әбу Бәкір (р.а.)
тағайындалды. Егер Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ер баласы болғанда оны
сөзсіз халифалыққа лайықты деп, мұсылмандардың кеңесуіне дес
бермейтіндердің болуы мүмкін. Али (р.а.)
Пайғамбарымыздың туысы
болғанның өзінде оған бірінші халифалықты беруге тырысып, үлкен саяси
шиеленіс болғаны да Ислам тарихында кеңінен жазылған.
69. Балаға тәлім-тәрбиені қалай берген?
Тәрбиеде жұмсақтық пен жылылықты негізге алу шарт. Балалардың
жасаған қателігі үшін жекіп, болмаса келеке етіп, ұнжырғасын түсіретін
сөздер айтпау маңызды. Пайғамбарымыз (с.а.с.)
көп тентектік жасай- тын
балаларға «Өскенде ақылды болады» (Мүнәуи, 4,310 ) деп оларға ашуланбау
керектігін меңзеген.
Хазірет Әнас (р.а.) Аллаһ елшісінің жұмсақтығы жайлы: «Хазірет
Пайғамбарға (с.а.с.) 10 жыл қызмет еттім. Орындамаған ісім үшін «Неге
орындамадың?» – деп ұрсып, орынсыз істерім үшін «Неге олай істедің?» –
деп жекігені есімде жоқ. Маған ешқандай ауыр сөз айтып, айыптаған емес», –
дейді (Бұхари, Әдеп, 39; Мүслим, Фәдаил, 13 ) .
Тағы бір риуаятта Әнастың (р.а.) балалық мінезіне Аллаһ елшісінің
ұстанымын мына риуаяттан көре алмыз: «Бір күні Аллаһ елшісі мені бір іске
жұмсады. Алғашында бармаймын деп қарсылық таныттым. Іштей Аллаһ
елшісінің бұйырған ісіне барғым келіп тұрды. Сосын айтқанын орындау үшін
жолға шықтым. Жолда бір топ балалардың ойнап жатқанына кезігіп,
ойындарына алданып біраз кідіріп қалған едім,
иығыма біреудің қолын
қойғанын байқап артыма бұрылып қарасам, Аллаһ елшісі екен, маған күліп
қарап: «Әнас, менің тап- сырмам не болды?» – деді. Мен: «Міне, орындауға
бара жатырмын, – деп жүгіре жөнелдім» (Мүслим, Фадайл 54. Әбу Дәуіт,
Әдеп 1) , – дейді.
Ардақты елші балалары бар ата-аналарға: «Балаларыңның
ізгілік
жолында болуына жәрдем етіңдер. (Болашағын ойлаған) адам оларды ата-
анасына қарсы шығудан (дұрыс тәрбие беру арқылы) қорғасын!» (Фәйзул-
қадир, 2/13 ) – деп кеңес берген. Оларға мейіріммен, қайырымдылықпен
қарап, ата-анасына қарсы шығудан сақтандырған. Балаларға осылай қарау
оларды
бағынуға, тәртіпке үйретіп, ер жетіп жетілгенде, олардың
бағынбауларының алдын алады деп түсіндіреді (Фәйзул-қадир, 2/13-14 ) .
Аллаһ елшісі (с.а.с.) балаларына тәрбие берумен бірге білім беруді
бірінші орынға қойған. Тілі шығысымен қасиетті Құран аяттарын жаттатқан.
Бұл жайлы Ибн Шұғайып былай дейді: «Абдулмутталиб ұрпағының бірі
сөйлейтін жасқа келгенде Аллаһ елшісі (с.а.с.) :
دْمَحْلا
ُل
كْلُمْلا يِف ٌكيِرََ ُهّل نُكَي مَلَو اادَلَو ْذِخّتَي ْمَل يِذّلا ِّه
« Әлхамду лилләһи
әлләзи ләм ияттахиз уәләдә, уә ләм иәкул-ләһу
шәрикун фил-мулк » деген аятты жаттататын (Ибн Әби Шәйба 1,348) .
Мұнымен қатар «лә илаһа иллаллаһ» деген кәлима шаһадатты үйрететін.
Балалардың жасына қарай 6-7 жасында намаз оқуды, 10 жасында егер намаз
оқымаса, ұрсу, денесіне ба- тырмай ұру әрі бөлек жатқызу керектігін де
айтқан. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Алиді 9 жасында Исламға шақырған.
Сонымен қатар, балаға жазу-сызу оқу т.б. өмірге қажетті нәрселерді де
үйретуге ынталандырған.
Достарыңызбен бөлісу: