кіндігін кескенде мені шақыр, мен келмей тұрып ештеңеден дәм таттырма», –
деп ескертеді (Қади Әбу Талип, «Шарху илали Тирмизи» Сараи ) .
Аллаһ елшісі (с.а.с.) жаңадан туылған баланың таңдайына құрманың
жұмсағын жағып дұға қылатын. Қос құлағына азан мен қамат айтып, есімін
қоятын. Содан кейін шақалаққа жеті күн
толғанда, ер баланы сүндетке
отырғызып, алғаш шыққан шашын алдырып,
сол шаштың салмағындай
садақа беріп, ақиқа құрбандығын шалған.
Баланың дүниеге келгеніне қуанып, қуанышты хабарды алғашжеткізген
кісіге сүйінші беру де сүннет. Баласы Ибраһимнің дүниеге келуін сүйіншілеп
жеткізген Әбу Рафиаға Пайғамбарымыз бір қой берген (Ибн Абдулбарра «әл-
Истиғаб фи мағрифатил-асхаб» Каир 1328 1/141 ) .
Жаңа туылған баланың ішетін сүтіне де аса мән берген. Ибраһимнің
анасы Марияның сүті аз болғандықтан, бір қой алып, соның сүтін ішкізген.
Тіпті риуаяттарда сүт ана жалдағандығы да айтылады (Мүслим, Фадайл 63) .
Емізулі баласы бар ананың жүкті болуы (сүті өзгеріске ұшырайтындықтан),
емшектегі бала үшін зиянды екендігін ескерткен.
Балалардың қоректенуіне байланысты бір айта кететін жайт: балалар су
ішкісі келсе дереу су беру керек екендігі маңызды.
Бұған дәлел
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бірде Фатиманың үйінде түнеген болатын. Түнде
әуелі Хасан, сосын Хусейн су сұрайды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) дереу тұрып су
береді (Ибн Хажар, әл-Маталибул-алия 4, 69 ) . Бала су сұрағанда оны
күткізбей, тіпті түннің жарымында болса да
дереу талабын орындау
керектігін осылайша үлгі еткен.
Достарыңызбен бөлісу: