Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


«Әй,  Пайғамбардың отбасы, шын мәнінде, Аллаһ сендерден арамдықты



Pdf көрінісі
бет86/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

«Әй, 
Пайғамбардың отбасы, шын мәнінде, Аллаһ сендерден арамдықты 
аулақ қылып, өздеріңді кіршіксіз таза етуді қалайды» 
деп әһл-бәйітке 
деген құрметті баса көрсеткен.
Тарихқа көз тастайтын болсақ, әһл-бәйітке махаббатпен қарауда 
шектен шығып, Исламға қайшы әрекеттерге барған адасушылардың да 
болғанын көреміз. Шииттер мен Рафизилер осының бірден-бір мысалы.
Әһл-бәйітті Аллаһтың разылығы үшін, Пайғамбарымызға (с.а.с.) деген 
құрметіміз үшін сүйеміз. Бұл Пайғамбарымызбен арадағы байланысты 
күшейтуге сеп болмақ. Егер бір мұсылман хазірет Алиді (р.а.), Хасан мен 
Хүсейінді (р.а.) жақсы көрсе, ол махаббаттың астарында Аллаһтың елшісіне 
деген құрмет жатыр. Хазірет Алиді, Хасан мен Хүсейінді қай мұсылман 
сүймесін?! Оларға деген махаббатымыз хазірет Әбу Бәкір мен хазірет Омарға 
деген құрметімізге ешқашан да сызат түсірмек емес.
74. Пайғамбарымызға (с.а.с.) сиқыр жасалған ба? 
Әһл-сүннет ғұламаларының көзқарасы бойынша, сиқыр өмірде бар 
нәрсе. Ол физикалық дүниеге де әсер ете алады, бірақ бұл әсер сиқыршының 
емес, Аллаһтың құдіретімен жүзеге асатын іс. Ал сиқыршының әрекеті 
себепші ғана.
Бұхари мен Мүслім жеткізген хадистерде Хақ расулына сиқыр 
жасалғандығы айтылады. Аз ғана әсер етіп, тез арада сауығып кеткендіктен, 
сахабалар бұл оқиғаны жасырып қалмаған. Оның өзі тек Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.) жеке басына ғана қатысты екенін, дінге ешқандай да кесірі тимегенін 
айтқан.
Сиқыр жасалғаннан кейін Аллаһ расулы (с.а.с.) кей намазында өз 
дәрежесінде сәл-пәл жаңылысқан, бірақ бұл көпке созылмаған. Аталмыш 
жаңылысулар ақиреттік ойлар мен дағуаға деген ынтызарлықтан адамның 
ұлы сезімге бөленуі, уақыт пен кеңістікті ұмытудан туындаған.


Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзіне сиқыр жасалғанын білген бетте дұға 
оқып, Аллаһ тағаладан шипа сұраған. Көп кешікпей Жәбірейіл (а.с.) мен 
Микайыл (а.с.) келіп не істеу керек екенін көрсетеді. Аллаһ расулының 
(с.а.с.) шашы мен сақалын, сондай-ақ құрма гүлін қолданып сиқыр жасаған 
Ләбит ибн Асам артынша түйіншекті Зәруан құдығына тастаған екен. 
Жанына бірнеше саха- басын ертіп барып құдықтың аузын жаптырып 
тастайды. Хазірет Айша анамыз (р.а.) «Сиқырды алдың ба?» – деп сұрағанда, 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жоқ, алмадым. Оны алып шықсам, ел арасында 
сиқыр жайылып кете ме деп қорықтым», – деп жауап қайтарды. Шипаны 
Аллаһтың өзі беретінін, сиқырдан құтылу үшін міндетті түрде сиқырланған 
затты алып шығудың керек еместігін айтқан. Осы оқиғаға қатысты «Фәлақ» 
және «Нас» сүрелері түскен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет