кәрімде бірнеше аятта айтылады («Нахл», 16; «Фатыр», 12. «Ағраф» 32;
«Нұр»сүрелері 31,60. ) .
Айша анамыз бірнеше алтын жүзік, алқа таққан (Ибн Хажар,
Шихабуддин Әбу Фадл
Ахмад ибн Али әл- Асқалани, 12/1449) . Нажаши
сыйға жіберген уд, анбар, зебад секілді иіс
суларды Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) әйелдері өзара бөліскен. Үммі Хабиба бұлардан өз үлесін алып
қолданғанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) қарсылық білдірмеген (Мустадрак ала
Сахихайн 4, 21) . Алайда әйел затының жадында ұстайтын бір мәселе: әйел
тек күйеуі үшін иіс су себініп, әсемдігін барынша көрсете алады. Өзге жұрт
үшін бұлай істеу дұрыс емес. Пайғамбарымыз (с.а.с.) балдызы Әсманың
Айша анамыздың жанында иіс су себінгенін көргенде: «Әйел заты күйеуінен
басқаға иіс су себінбеуі керек» (Хайсами 4,314) деп, бөгде адамдар бар жерде
иіс су себінбеу керектігін ескертеді. Күйеуінен басқа адамдар көретіндей етіп
алтын мен күмісті тағынып әшекейлену харам екендігі, ер
кісілердің
құмарлығын оятатындай етіп иіс су себіну күнә саналатындығы жайлы
риуаяттарда айтылған (Сүнәнү Дарими, Каир, 1387. 4/236) . Құранда:
«Жабық денесін (әшекейлерін) көрсетпек болып, аяқтарын ұрып жүрмесін»
деп өздерін күйеуінен басқа ер кісілерге көрсету үшін иіс су себініп күнәға
бой алдырмасын деуде.
Достарыңызбен бөлісу: