(р.а.) екендігі белгісіз, кішкене күндерінде байқаусызда садақаға келген
құрмаға қолын соза бергенде Пайғамбарымыз (с.а.с.) дереу оның қолын
қағып: «Бізге садақа жеу харам», – деген еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.)
балалардың өзін райхан гүліне, ал иісін жаннаттың иісіне теңеген.
Немерелерін жиі- жиі қасына шақырып, бауырына басып, маңдайынан
иіскейтін. Тіпті кейде оларды құшақтап, сүйгеннен кейін: «Аллаһ тағалам,
бұлардымен жақсы көремін, Сен де оларды жақсы көрші», – деп дұға ететін.
Бөлмесіне ешкім кірмесін деген уақыттарда да немерелерінің кіруіне қарсы
болмайтын. Тіпті мешітте жамағатпен намаз оқып жатқанда немерелері келіп
үстіне шығып ойнайтын. Әбу Қатада: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні жиен
немересі Умаманы иығына отырғызған күйде мешітке келді. Жамағатқа
намаз оқытты. Рүкуғқа иілгенде қызды жерге түсіретін, сәждеден тұрған
кезде қайтадан қолына алатын», – дейді.
Үмбетін тәрбиелеуде мейірімділікті арқау еткен Аллаһ елшісінің (с.а.с.)
балаларға деген сүйіспеншілігі үлгі аларлық еді. Бір хадисінде:
«Балаларыңды көп сүйіңдер, себебі сүйген сайын жаннатта бір дәреже
беріледі. Әрбір дәреженің ара қашықтығы бес жүз жыл. Періштелер әр
сүйгендеріңді санап, жазып отырады», – деген.
Бір күні Аллаһ елшісі (с.а.с.) немересі Хасанды сүйіп жатқанда қасына
келген Ақра ибн Хабис: «Менің он балам бар, ешқайсысын дәл бұлай сүйген
емеспін», – дейді. Сонда Пайғамбарымыз: « Мейірім танытпағанға Аллаһ
тағала да мейірімділік танытпайды», – деп оның қаталдығын жақтырмаған
сыңай танытады.
Бірде жұма күні құтба оқып жатыр еді. Хасан мен Хүсейін тәлтіректеп,
бір құлап, бір тұрған күйі мешітке кірді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) сөйлеп
жатқан жерінен тоқтап, мінберден түсіп, екеуін көтеріп алып, мінберге қайта
шығады. Екеуін алдына отырғызып: «Аллаһ тағала:
Достарыңызбен бөлісу: