Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы



Pdf көрінісі
бет79/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

67. Қанша баласы болған? 
Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.) үш ұл, төрт қыз сүйген. Олар: Қасым, 
Абдулла, Ибраһим, Зейнеп, Рұқия, Үммі Гүлсім, Фатима. Бұлардың 
Ибраһимнен басқасының барлығы Хадиша анамыздан туылған. Алғашқы 
ұлының есімін Қасым қойған. Ол пайғамбарлықтан бұрын Хадиша 
анамыздан дүниеге келген. Пайғамбарымыз (с.а.с.) сол баласының атымен ел 
ішінде «Әбул-Қасым» (Қасымның әкесі) деген лақап атпен танылған, бірақ 
ұлы бір жастан асқан шағында шетінеп кеткен.
Екінші ұлының аты туралы ғалымдардың түрлі көзқарастары бар. Бірі 
Абдуллаһ десе, бірі Тахир, енді бірі Тәйіп дейді. Көбінесе Абдуллаһ есімі кең 
тараған. Хадиша анамыздан туылған. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл баласы 
да шетнеп кеткенде, Ас ибн Уайл «Мұхаммедтің ұрпағы жалғаспайтын 
болды» деген мағынада «Мұхаммед әбтар болды» деп табалайды. Бұл 
айтылған сөзге жауап ретінде Аллаһ тағаладан Пайғамбарымызға (с.а.с.) 
күніне бес уақыт аты аталып, дұға тілеп, басқан әрбір ізіне дейін үлгі тұтатын 
шексіз ақиретке дейін жалғасын табатын үмбет нәсіп ететінін хабар берген.
Мұқауқистың жіберген сыйы Мәриям анамыздан Һижреттің 8-
жылында Зул-Һижжа айында Ибраһим туылғанда, сүйінші хабарды жеткізген 
Әбу Рафияға сыйлық беріп, Ибраһимнің анасы Мариямды азат етеді (Ибн 
Сағыд, 136). Дүние есігін ашқан сәбидің келешегі жарқын болуы үшін 


көнедегі араб дәстүрі бойынша сүт анасының қолына тапсырады. Әрі 
Ибраһимнің сүт анасына құрма бақшасын сыйға тартады. Пайғамбарымыз 
қауырт тірліктен қолы босаған уақытта Ибраһимді көру үшін сүт анасының 
үйіне жиі баратын. Тағдырдың жазуы солай болған шығар, өкініштісі, баласы 
Ибраһим 16- 18 айға толар-толмас шағында қайтыс болады. Бауыр еті 
баласының дүниеден өткеніне іштей қайғырып, көз жасына ерік беріп 
отырған Пайғамбарымызды (с.а.с.) көргенде, жанындағы Абдуррахман ибн 
Ауф: «Сіз де жылайсыз ба, Аллаһтың елшісі?» – деп сұрағанда, балаға деген 
мейіріммен қамығып жылағанын айтқан.
Ал қыздарының ең үлкені – Зейнеп. Пайғамбарымыз (с.а.с.) 30 жасқа 
толғанда Хадиша анамыздан туылды. Он жасында Хадиша анамызбен бірге 
иман келтірген. Һижреттің сегізінші жылында 31 жасында дүние салады.
Екінші қызы Рұқия Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 33 жасында Хадиша 
анамыздан туылған. Хазірет Османға күйеуге шығады. Бәдір соғысынан 
кейін араға үш күн салып 22 жасында науқастанып бақилық болады.
Одан кейінгі қызы – Үммі Гүлсім. Хадиша анамыздың үшінші қызы. 
Ұтба ибн Әбу Ләһабқа күйеуге шыққанымен, алғашқы неке түніне дейін 
ажы- расып кетеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Үммі Гүлсімді хазірет Османмен 
(р.а.) некелестіреді. Сол үшін хазірет Осман «Қос нұрдың иесі» деп аталған. 
Үммі Гүлсім Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көзі тірісінде һижреттің тоғызыншы 
жылында қайтыс болды. Жаназа намазын Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзі 
оқыды.
Одан кейінгі соңғы қызы – Хадиша анамыздан туылған Фатима 
анамыз. Һижреттен 13 жыл бұрын Мекке шаһарында дүниеге келген. Фатима 
анамыз 15 жасына толғанда 21 жастағы Алимен (р.а.) отау құрады. Бұлардан 
Хасан, Хүсейін және Үммү Гүлсім мен Зейнеп атты балалары болған. Қызы 
Зейнеп Абдуллаһ ибн Таййармен некелесіп, бұлардың Али, Үммү Гүлсім 
атты балалары болды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) қайтыс болғаннан алты айдан 
кейін Фатима анамыз 24 жасында дүние салады.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әкелік қасиеті туралы сөз қозғағанда өз 
балаларымен қатар, сол отбасыға кіретін, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
тәрбиесін алған қызметшілері мен олардың балалары ойға оралады. Атап 
айтар болсақ, он жыл қызмет етіп «Хадиму нәби» (пайғамбар қызметшісі) 
атанған Әнас (р.а.), «Хиббу расулуллаһ» (пайғамбар сүйіктісі) атанған Усама 
және Усаманың әкесі Зәйд (р.а.) секілді бұлардың барлығын Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) бауырына басып, баласындай қараған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет