Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


 Не себептен ұлдары ерте жастан қайтыс болған?



Pdf көрінісі
бет80/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

68. Не себептен ұлдары ерте жастан қайтыс болған? 
Ислам дінінде ұрпақ ер баламен жалғасады, сондықтан отағасы ұлды 
болса ұрпағының жалғасқаны деп білген. Алайда ұлды болу, жақсы ұрпақ 
тастап кету үшін жеткіліксіз. «Бала бер, бала берсең сана бер» демекші ол 
баланың ізгі де иманды, елін жұртын ойлайтын азамат болуы бір Аллаһқа 


аян, сондықтан маңыздысы тек ұлды болу емес үлгілі болу, мұсылман 
үмбетінің хал-жағдайын ойлау, ізгі амал ету. Сан ғасырлар өтсе де халық 
аузынан түспейтін Әбу Бәкір мен Омар, Осман мен Али, азаншы Біләл 
секілді сахабалар, тек ұрпағымен емес ерлігімен, имандылығымен, ізгі 
амалдарымен барша мұсылмандарға үлгі болды. Бұл сахабалардың ұстазы 
болған Пайғамбарымыз (с.а.с.) өмірінің соңына дейін әрбір ісін өнеге 
ететіндей барша мұсылман жұртшылығына қайталанбас тұлға болды. Мұны 
түсінбей тәкаппарлықпен, баласының көптігімен мақтанған кейбір 
ақымақтарПайғамбарымыздың (с.а.с.) ер балалары шетінеп кете бергендіктен 
«Мұхаммедтің ұрпағы құрыды» деп айтқандары да болды. Алайда бұны 
айтқандардың өздері ұрпақсыз қалатынын біле алмады. Бұлай айтқандар мен 
ойлағандарға Аллаһ тағала: 
« Расында, біз саған Кәусарды бердік. Ендеше, 
сен де Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал. Расында дұшпаныңның 
өзі ұрпақсыз қалады »
(«Кәусәр» сүресі, 1) , – деп жауап береді. Бұл аяттағы 
«Кәусар» сөзі «жаннаттың бұлағы» деген мағынаны берумен қатар «көп, 
мол» де- ген мағынаны да білдіреді, сондықтан тәпсіршілер бұл сөзге « көп 
үмбет» деген мағына берген. Олай болса, Мұхаммедке (с.а.с.) ұл баланың 
орнына «Кәусар», яғни, көп үмбет берілгендігі, яғни, қарапайым адамдарға 
ер бала беру арқылы санаулы ұрпақ берілсе, Аллаһ елшісіне (с.а.с.) иман 
жолы арқылы шынайы ұрпағы, яғни мыңдаған мұсылман үмбеті сый ретінде 
берілді. Ұрпағын жалғастыратын Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өз ұлдары 
шетінеп кете бергенімен, Мекке мен Мәдина қалаларындағы мешіттермен 
қоса бүкіл жер бетіндегі мешіттерді толтырған, миллиардтаған үмбетінің өзі 
оған шынайы ұрпақ болды. Әке-анасына дұға ететін ер бала емес, Аллаһ 
елшісіне (с.а.с.) күніне аз дегенде бес мәрте дұға ететін, аты аталса салауат 
айтатын, саны күннен күнге артып отыратын мұсылман үмбеті берілді. Олай 
болса, Пайғамбарымызды (с.а.с.) сол кездері ұрпақсыз деп айтқандардың 
өздері үрім-бұтағымен жойылып кетті.
Аллаһ елшісінің (с.а.с.) ер балалары ерте жастан, тіпті 2 жасқа жетпей 
шетінеп кетуінің тағы бір сыры, егер олар өмір сүргенде Пайғамбардың 
баласы болғандықтан ер бала да пайғамбар болар еді. Бұл сырды Аллаһ 
елшісі (с.а.с.) мына хадисімен түсіндірген. Ибн Аббас былай дейді: Аллаһ 
елшісінің (с.а.с.) ер баласы қайтыс болғанда, оның жаназа намазын оқып, 
артынша: « Оның жаннатта сүт анасы болады. Егер тірі қалғанда шыншыл 
бір пайғамбар болар еді және ешбір қыбти құл болмас еді », – деп айтты 
деген. Ал Аллаһ елшісінен (с.а.с.) кейін пайғамбар келсе, ол (с.а.с.) соңғы 
пайғамбар, соңғы елші болмас еді. Құранда Пайғамбарымыздың соңғы елші 
екендігін және ол (с.а.с.) ешбір ер адамның әкесі бола алмайтынын мына 
аятпен түсіндірген: 
ُكِب ُهـَّللا َناَكَو ََۗنيِّيِبَّنلا َمَتاَخَو ِهـَّللا َلوُسَّر نِكٰـَلَو ْمُكِلاَجِّر نِّم ٍدَحَأ اَبَأ ٌدَّمَحُم َناَك اَّم
ااميِلَع ٍءْيََ ِّل


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет