Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


 Құран Пайғамбарымызға (с.а.с.) бағынудың Аллаһқа бағыну



Pdf көрінісі
бет88/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

76. Құран Пайғамбарымызға (с.а.с.) бағынудың Аллаһқа бағыну 
екенін айтады. Бұны қалай түсінеміз? 
Күллі мұсылман жеті қат көк пен жерді жаратып, әлемге рақым 
сыйлаған Ұлы Жаратушымызға бағынады. Одан кейін жаратушымыздың 
бұйырғаны үшін пайғамбарларға ереді.
Құран кәрім кез келген тақырыпта жауап беруге қабілетті, бірақ 
түсінуге келгенде алдымен оны өз дәрежесінде түсінетін Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.) дәрісіне мұқтажбыз, өйткені адам болған соң пенделікпен жаза 
басуымыз да бек мүмкін. Аллаһ тағала біздің сол кемшілігімізді ескеріп 
Мұхаммед Мұстафаны (с.а.с.) арнайы жіберген және соған бағынуымызды 
бұйырған.


Пайғамбарымызға (с.а.с.) бағыну дегеніміз – оның тыйғандарынан 
тыйылып, айтқандарын орындаумен қоса, сүннетін де алып жүру деген сөз. 
Әлдебір мәселе туралы Құранның немесе расулаллаһтың сөзі тұрғанда, 
ешқандай да мұсылман бұл туралы өз пікірін ортаға сала алмайды.
Құранда («Аллаһ пен Оның пайғамбарының әлдебір іске үкімі шыққан 
кезде, мұсылман ер мен әйелдер өз еркімен әрекет ете алмайды. Кімде-кім 
Аллаһ пен пайғамбарына қарсы келсе, оңбай адасады». («Ахзаб» сүресі, 36)) 
«Раббыңа серт! Олар өз араларындағы тартысқа билік айту үшін сені 
шақырмайынша, сен төрелік айтқан нәрсеге көңілдерінен күмән 
сейілмейінше, саған толықтай бағынбайынша, иманы кәміл емес»
(«Ниса» сүресі, 65) деп, Пайғамбарымыздың бұйырғанына бойсұну, иманның 
толықтығын білдіретіндігін айтқан.
Пайғамбарға (с.а.с.) бағыну оны құдайлық дәрежеге көтеру емес. Тек 
Аллаһтың елшісі болғаны үшін, дінді жеткізуші, тура жолдың көшбасшысы, 
Раббыға бағынудың өнегесін көрсеткені үшін бағынамыз. Ол ешқашан Аллаһ 
бұйырмаған нәрсені бұйырмаған, өзі де істемеген. Егер Пайғамбарымызға 
(с.а.с.) басы бүтін беріліп жатсақ, Жаратқанның разылығын мұрат еткеніміз. 
Тағы бір ескеретін нәрсе, Ислам орныққалы сүннет ешқашан да Құраннан 
жоғары шықпаған. Үкім бергенде де алдымен ақтаратынымыз Құран, содан 
кейін сүннет екені баршамызға мәлім, сондықтан пайғамбарға бағыну, 
Пайғамбарымыздың қалауын орындау Аллаһ тағаланы жақсы көрудің 
белгісі, өйткені Аллаһ жібергені үшін пайғамбарға бағынамыз. Бұл жай- лы 
Құранда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сөзімен: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет