топыраққа өз қолыммен көміп тастаймын», – дейді.
Айтқандай-ақ бірде
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) намаз оқып тұрғанын байқап қалады да, арам
пиғылын іске асырмақ боп, ту сыртынан жақындай түседі. Бір кезде қолымен
әлденеден қорғаншақтап, кері қарай қаша жөнеледі.
Мұны көрген жұрт
түсінбей, не болғанын сұрайды. Үрейі ұшып, өңі сұрланып кеткен Әбу
Жәһил: «Мұхаммедке жақындай бергенім сол еді,
алдымнан жалыны көкке
шапшыған от, түрі қорқынышты қанатты бірдеңелер пайда болды», – дейді.
Аллаһ елшісі бұл туралы: «Сол күні Әбу Жәһил маған жақындай түскенде
періштелер оның қолын қол, бұтын бұт қылып бөлшектеп тастайтын еді»
деген. Осы сынды басқа да қастықтардан тікелей Аллаһтың көмегімен аман
қалып отырған. Әбу Жәһилден басқа Ұқба ибн Әбу Муайт, Надр ибн Харис
деген кәпірлер де өлтіруге тырысты, бірақ неше жерден қаныпезер болса да
айла асыра алмасы белгілі емес пе?
Мәдинаға һижрет еткенде дұшпандарының оны көрмей қалуы.
Расулаллаһ (с.а.с.) сахабаларына Меккеден Мәдинаға көшуге рұқсат
беріп, өзі бірнеше күн осында аялдап қалды. Мұны естіген мүшріктер дереу
бір-
біріне хабар жіберіп, қайтсе де сол түннен қалдырмай өлтірмекке бел
буады. Мәдинаға барып, күндердің күнінде күшейіп
өш алады деп
қауіптенгендіктен, қас қарая Пайғамбарымыздың (с.а.с.) үйінің жанына қару
асынған бірнеше адамын жұмсайды. Ғаламның рақым нұры есікті ашып
сыртқа беттегенде бәрі бірдей ту сыртынан тап бермек. Аллаһ елшісі (с.а.с.)
Алиді (с.а.с.) өзінің төсегіне жатқызып, үйінен шығады.
Табалдырықтан
аттар-аттамас жерден бір уыс топырақ алды да, күзетші қаныпезерлерге
шашып жіберіп, «Йасин» сүресіндегі
Достарыңызбен бөлісу: