Пайғамбарымыз (с.а.с.) арадағы достықтың сүйегіне таңба түсірмеуді
ойлайтын.
Үшіншісі, бір келетін қонақтар, алыстан ат ары- тып келетін ресми
тұлғалар еді. Ислам мемлекеті танылғалы көрші елдер дипломатиялық
қарым-қатынас орнату үшін өз елшілерін жіберетін. Бұлар дүниеге деген
өзіндік көзқарасы қалыптасқан, ұстанған бағыты мен саясаты бар, белгілі бір
мүддені көздеп келген адамдар болушы еді. Жай кетпей сынай кететіні тағы
бар. Бұларға Ислам туралы жақсы пікірмен кетсін, келешекте бұлар да
Аллаһтың хақ дінінен бақыт тапсын деп сый көрсетіп бағатын.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ахлағы мен болмыс-бітімі әһл-кітапқа кеңінен
таныс.
Келетіндердің төртінші бір тобы соңғы пайғамбардың шын-өтірігін
тексеруді мақсат етіп келетін яһуди мен христиан халқы еді. Олар
кітаптарында айтылған пайғамбарды өз көзімен көру үшін келетін. Көбісі
мақтаулы пайғамбарымыз Мұхаммедті (с.а.с.) көре сала иман ететін.
Елдеріне кеткеннен кейін де барған жерлерінде Исламды уағыздайтын.
Ғаламның рақым нұры (с.а.с.) мұнафық пен мұсылманға, кәпір мен
кітап иелеріне де түгел мейірімін төге білді. Пайғамбарлық ісінің мүлтіксіз
орындалуына да осы мейірімі сеп болған. Жоғарыдағы сахабаларына да соны
тапсырған. Сахабалар да аз уақыттың ішінде адамзаттың асыл тәжінен (с.а.с.)
алған тәлімінің арқасында Исламның іргетасын берік етіп іргелі ел қылды.
Достарыңызбен бөлісу: