Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


 Табиғатты қорғау, жан-жануарларға зиян тигізбеу



Pdf көрінісі
бет107/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

94. Табиғатты қорғау, жан-жануарларға зиян тигізбеу 
туралы не айтқан? 
Күллі жаратылысқа рақым нұры болып келген Аллаһ елшісі (с.а.с.) 
қоршаған ортаны қорғау ісін де назардан тыс қалдырмаған. Құранда 
жазылған барлық мақұлықтың Аллаһ тағаланы зікір етіп тұратынын оқи 
отырып қалайша қоршаған ортаны қамқорлығына алмасын? Оның үстіне сол 
қасиетті Құранның бірнеше сүрелері «Бақара» (сиыр), «Нәмл» (құмырсқа), 
«Нахл» (ара), «Әнкабут» (өрмекші), «Фил» (піл) деген жануарлардың атымен 
аталған.
Ағаш егудің садақаға жататынын айтып, Мәдинаның айналасына ағаш 
отырғызуды, ағаш кессе орнына жаңасын егуді, соғыста ағаш сындырмауды 
міндеттеген. Қағбаның маңайы «харам аумағы» деп танылып, ол жерде 
өсімдік пен жануарлардың ешқайсысына тиісуге болмайтынын айтқан. 
Хайуандарды бір-бірімен төбелестіріп, таластыруын тыйып, жануарларды 
қинағандарды лағынеттеген. Шөлдеген итке кебісімен су берген әйелдің 
жұмаққа кіріп, мысықты аш қамап қойған әйелдің тозақтық болғанын айтқан. 
Бір шайқастан қайтып келе жатқанда жанындағы сахабалары құс ұясын 
тауып алып, балапандарын қолға алып қызықтай бастайды. Құс екеш құс та 
өз ұясын қорғайды емес пе? Балапандарына қауіп төнгенін көрген аналық құс 
шыр-шыр етіп төбелерінен айналып ұшып кетпей қояды. Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) мұны көргенде, дереу балапандарды орнына қоюды талап етеді (Әбу 
Дәуіт, Әдеп 164) .
Аллаһ тағала жер бетіндегі барлық жаратылысты кемшіліксіз жаратқан. 
Олардың теңдігі соншалық – біреуін жойсаң, екіншісіне зиянын тигізеді. 
Аллаһ елшісі (с.а.с.) иттердің де жаратылыста орны бар екендігін айтып
«Егер иттер өз алдына жеке бір үмбет болмағанда, қырып тастауларын 
бұйырар едім» (Әбу Дәуіт, Әдаһи 22) , – деген.
Қоршаған ортаның қорғалуына, ағынды-ағынсыз суларға дәрет 
сындырмауға аса мән берген. Олай болса, қоршаған ортаны қорғау – 
дініміздің талабы, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет