نيِبُمْلا ِقُف ُُ ْلاِب ُهآَر ْدَقَلَو
« Расында ол, оны (Жәбірейілді) ашық көкжиекте көрді»
(«Тәкуир»
сүресі, 81/23) деп айтады. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Жәбірейілді Аллаһтың
жаратқан бейнесінде көруі осы бірінші мәрте Хира үңгірінен шыққанда
болды. Кейбір риуаяттар бойынша Жәбірейіл періштенің алты жүз қанаты
болғандығы айтылады.
Екінші рет Миғраждағы Сидратүл-Мүнтаһада көрген. Бұл жайында
Құранда:
ِةَرْدِس َدنِع ىَر ْخُأ اةَل ْزَن ُهآَر ْدَقَلَو
ىَهَتْنُمْلا
«Расында, ол Жәбірейілді екінші рет көрді. Сидратүл- Мүнтәһаның
жанында»
(«Нәжім» сүресі, 53/13-14.) , – дейді. «Сидратүл- Мүнтаһа»
көпшілік ғалымдардың көзқарасы бойынша аспанның жетінші қабатында.
Аллаһтың жаратқан жаратылыстарының барлығы осы жерге дейін хабар ала
алады, бұл жерден ары ешкім бара алмайды (Уаһбату Зуһайли, Тафсирул-
мунир, «Такасур» сүресінің тәпсірі) . Осылайша Пайғамбарымыз (с.а.с.)
Жәбірейіл періштені өз бейнесінде екі мәрте көрді, біреуі жерде, екіншісі
көкте. Бұдан басқа кездері Жәбірейіл періштені өз бейнесінде емес, түрлі
бейнелермен келгенін көрді. Кейде дауыс болып естіліп, кейде түсінде, кейде
жүрегіне хабар салу арқылы жүзеге асатын. Енді бірде Дихиятул-Кәлби
секілді кейбір сахабалардың бейнесінде келетін. Пайғамбарымыз (с.а.с.) үшін
осы оңай болды, өйткені періштені Аллаһтың жаратқан бейнесінде көру адам
баласына ауыр тиеді. Періштелердің жаратылысының өзі бұл дүниедегі
жаратылыстарға ұқсамағандықтан, олардың қанаты да дәлме-дәл
құстардікіндей деп нақты айта алмаймыз. Періштелер әлемі адам ойы мен
қиялынан тыс тұрады. Сол себепті олардың шынайы болмысы Аллаһ тағала
мен оларды көрген пайғамбарларға ғана аян.
Достарыңызбен бөлісу: