« Сол кезде сендер Раббыларыңнан көмек сұраған едіңдер. Ол сендерге бірінен кейін бірі келетін періште жіберіп көмектесемін деп, дұғаларыңды қабыл алды... » («Әнфал» сүресі.) және бір аятта:
« Сол кезде (Бәдірде) сен мүминдерге: «Раббымыздың үш мың періште түсіріп көмектескені сендерге жетпей ме?» – деген едің. Иә, егер сендер сабыр етіп, тақуалық танытсаңдар, олар тұтқиылдан шабуыл жасаса, Раббыларың сендерге (жауынгерлік) белгісі бар бес мың періштемен көмектеседі » («Әли-Имран» сүресі, 124-125) деген.
Періштелердің түскені аятта ашық айтылған. Кейбір риуаяттарда
оларбоз аттарғамініп, сары, ақ, қара сәлделі сипатта мұсылмандарға жәрдем
бергендігі айтылады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) осы соғыста: «Періштелердің
сары сәлде тағып Зүбәйр ибн Әууәмнің бейнесінде түскенін көрдім», (әл-
Хайсәми, Мәжмауз-зәуаид, 6/83 ) – дейді. Бұл соғыста жаумен арпалысқан
Зүбәйр ибн Әууәмнің басында сары сәлде болатын (әл-Муттакил-Хинди,
Кәнзүль Уммал, 5/268. ) . Бұхари кітабында: «Пайғамбар (с.а.с.) Бәдірде
соғысатын күні былай дейді: «Мынау Жәбірейіл періште. Атының жүгенін
ұстаған, үстінде қару-саймандары бар».
Көпшілік тәпсір ғалымдары періштелердің Бәдір соғысында көктен
түскендігіне бірауыздан келіскен және Ибн Аббастың риуаятында Бәдір
соғысынан басқа соғыстарда да періштелер түскен, бірақ дұшпандарды
қорқыту үшін, мұсылмандардың санын көп етіп көрсету үшін түскендігі
айтылады (Хак дини Қуран дили, Елмали Хамди,2/420) .
Періштелердің соғысқа қатысуы мұсылмандардың көңіліне сенім
ұялатты, өздерінен үш есе қарсыластарын жеңіп шықты. Алайда
мұсылмандардың жеңіске жетуі бір Аллаһтың қолында, сондықтан
періштелердің мұсылмандар қатарына қосылуының басты себебі мына аятта
айтылған:
« Аллаһ мұнымен сендерді қуантып, көңілдеріңе сенім ұялату