Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


 «Тікелей Аллаһтың қорғауында өмір сүрді» дегенді қалай



Pdf көрінісі
бет95/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

81. «Тікелей Аллаһтың қорғауында өмір сүрді» дегенді қалай 
түсінеміз? 
Аллаһ тағала Мұхаммед Мұстафаны (с.а.с.) дүние есігін ашқаннан 
бастап ақтық деміне дейінгі асыл ғұмырының әрбір сәтінде қамқорлығында 
ұстаған. Әрине, періште емес, адам болғандықтан, Пайғамбарымыз (с.а.с.) да 
ауырған, ашыққан, шөлдеген, майдан даласында жараланып қиындықтарға да 
кезіккен. Ары-беріден соң, барша тірі жанның маңдайына жазылған өлім 
дәмін де татқан. Бұл оның әрі қарапайым құл екенін көрсетеді. Ал көзі 
тірісінде жасаған мұғжизалары мен Аллаһтың ерекше қамқорлығы пайғамбар 
екеніне бұлтартпас дәлел. Бұл турасында бастан кешкен бірнеше оқиғаға 
тоқталайық:
Христиандардан қорғалуы . Бала күнінде сүт анасы Халима Меккедегі 
туған анасы Әминаға алып бармақ болып жолға шығады. Сирар шоқысының 
жанындағы соқпақ жолмен келе жатқанда, қарсы алдынан бір топ 
эфиопиялық христиандар ұшыраса кетеді. Олар Пайғамбарымызға (с.а.с.) 
анықтап ұзақ қарайды. Оның соңғы елші екеніне көз жеткізіп, Халима 
анамызға: «Біз сәбиді патшаға алып кетеміз. Оның ерекше белгілері бар», – 
дейді. Жолаушылар зорлықпен Пайғамбарымызды (с.а.с.) алып кетпекке 
ұмтылды, бірақ Құдайдың құдіретімен, бірнеше христиан жабылып әупірімге 
салғанымен, қорғансыз әйелдің қолынан кішкене сәбиді алып кете алмады. 
Әбу Ләһабтің әйелінен қорғалуы . Ислам жасырын жайылып жатқанда, 
«Алдымен ең жақын туыстарыңа жеткіз»
(«Шуара» сүресі, 214) деген әмір 
түседі. Расулаллаһ (с.а.с.) дүйім жұртты Сафа төбесіне жинап өзінің 
пайғамбарлығын жариялайды. Сол жерде тұрған ағасы Әбу Ләһаб қаһарына 
мініп, былапыттап айтпаған сөзі қалмайды. Кейін Әбу Ләһабқа әйелі 
қосылып, екеуінің дұшпандығы айтарлықтай өрши түсті. Күндердің күнінде 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен Әбу Бәкір Қағбаның жанында сұхбаттасып 
отырғанда, Әбу Ләһабтың әйелі, қолында кесек тасы бар, бұлардың жанына 
келеді де, Әбу Бәкірге: «Қайда сенің досың? Мені жамандайды екен ғой өзі? 
Айта бар, көрген жерімде оңдырмаймын оны», – деп бұрылып кетіп қалады. 
Сөйтсе, әйел көз алдындағы Аллаһ елшісін аңдамай тұр екен. Бұл оқиға 
аятта: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет