Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


 Пайғамбарымызды (с.а.с.) жақсы көру әрбір мұсылманның



Pdf көрінісі
бет92/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

79. Пайғамбарымызды (с.а.с.) жақсы көру әрбір мұсылманның
міндеті ме? 
Аллаһқа деген махаббаттан кейін хазірет Пайғамбарымызды (с.а.с.) 
сүю – парызымыз, өйткені ол адамзатты күпірліктен қорғаштап, иманның 
бақыт сырларын әрбір жүрекке жеткізе білді. Адамзатқа жоғары ахлақ пен 
кәміл адамның қасиеттерін сіңірді. Аллаһ тағала Мұхаммед Мұстафаны 
(с.а.с.) барлық нәрседен де артық жақсы көру қажеттігін бұйырып аятта 
былай деген: 
«Егер әкелерің, балаларың, аға-інілерің, әйелдерің, 
туыстарың, жиған мал-мүліктерің, тоқтап қала ма деп қорыққан 
саудаларың, өздеріңе ұнаған үй-жайларың сендерге Аллаһ пен 
пайғамбарынан, Оның жолында соғысудан артық көрінсе, онда сендер 
Раббының әмірі келгенше күтіңдер. Аллаһ бұзық қауымды тура жолға 
бастамайды» 
(«Тәубе» сүресі, 24) . Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде 
«Мені аналарыңнан, әкелеріңнен, бала-шағаларыңнан артық жақсы 
көрмейінше, кәміл иманға қол жеткізе алмайсыңдар» (Бұхари, Иман 8) деген. 
Мүминдердің Расулаллаһты (с.а.с.) шын жүрекпен жақсы көруі бір жағынан 
иманның ләззатын таттырады, ақирет бақытына қол жеткізеді. Адам баласы 
әрқашан сүйгенімен бірге болғысы келеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір 
хадисінде мүминдердің ақиретте сүйгендерімен бірге болатынын айтып, 
«әркім сүйгенімен бірге» деген. Ал онымен бірге болуымыз үшін 
сүйіспеншілігімізді көрсетіп, лайықты дәрежеде ғибадат етуіміз қажет.
Аллаһ разылығына қол жеткізуді тілеген, иісі мұсылман баласының 
тағы бір арманы жұмақта Пайғамбарымызбен бірге болу, өйткені Аллаһтың 
разылығы, жаннаттың ең жоғарғы деңгейі, Аллаһтың сансыз нығметтерінің 
асыл көрінісі сол жерде болмақ.
Аллаһ расулының туылуы мен жер бетін құрметке бөлеуін адамзаттың 
дүниеге қайта келгені дерсіз. Оның туылған күні біз үшін құтты мереке, 
өйткені біз Раббымызды оның құтты дағуасы арқылы таныдық. Нығметке 
қанағат пен шүкір етуді көркем мінезінен үйрендік. Жаратушы мен 
жаратылғандар арасындағы байланысты, құл мен Құдай арасындағы қарым-
қатынастың қалай құрылатынын тағы да Пайғамбарымыздан үйрендік. Ислам 
діні арқалы бүкіл болмыс атаулы Аллаһты танытатын кітапқа айналып сала 
берді. Жанды-жансыз барлық тіршілік иесінің әрдайым Жаратушымызды 
зікір ететінін білдік. Оның келуімен қайғыны шаттық алмастырды. Бізге 
нұры жеткен күннен бастап «өлім», «мәңгілікке жоғалу» қорқынышы 
көңілімізді алаңдатпайтын болды. Мәңгілікті қалайтын жүрегіміз жұбаныш 
тапты. Адамның ақиретке иманмен кетуі ол үшін ең басты бақыт еді. 
Жеткізген дінімен барлық жаратылыстың жүзіне нұр шашқан, ақиреттің ба- 
рын айтып жұмақ пен тозақты таныстырған, мәңгілік бақыттың кілтін 
ұсынған Пайғамбарымыздың (с.а.с.) дүниеге келуі барлық жаратылыс үшін 
мереке емес пе?
Аллаһ тағала пендесінің жүрегіне махаббат сезімін сыйлаған. Бұл 
махаббат әуелі Аллаһқа, одан кейін пайғамбарына, дәрежесіне қарай 
Раббысының разылығын көздеп, елі мен отбасына арналуы керек. 


Пайғамбарымызды (с.а.с.) сүю – Аллаһ тағаланың адамзатқа бұйрығы. 
Құранда:
َّر ٌروُفَغ ُهـَّللاَو َْۗمُكَبوُنُذ ْمُكَل ْرِفْغَيَو ُهـَّللا ُمُكْبِبْحُي يِنوُعِبَّتاَف َهـَّللا َنوُّبِحُت ْمُتنُك نِإ ْلُق
ٌميِح


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет