«Егер сендер Аллаһты жақсы көрсеңдер, маған (Мұхаммедке) еріңдер. Сонда Раббың сендерді сүйеді және барлық күнәларыңды кешіреді.Ол асқан кешірімді, ерекше мейірімді» («Әли Имран» сүресі, 31).
Біз сүйікті елшіні сүйе отырып оны елші етіп жіберген Раббымызды
сүйетінімізді дәлелдейміз әрі Аллаһтың бұйрығын орындаған боламыз.
Ал мына хадисте Аллаһ пен Расулын сүюдің бірдей екенін тайға таңба
басқандай етіп көрсетеді: «Мына үш қасиеті бар адам нағыз иманның дәмін
татады. Аллаһ пен Расулын барлық нәрседен артық жақсы көру, әлденені
сүйгенде тек Аллаһ разылығы үшін жақсы көру және күпірден құтылғаннан
кейін қайта күпірге кіруден оттан қашқандай қашу» (Бұхари, Иман 9) деген.
Тағы бір хадисті Әнас (р.а.) былай деп түсіндіреді: Пайғамбарымыздан
біреу: «Қиямет қашан орнайды?» – деп сұрағанда, «Қиямет күніне қандай
дайындығың бар?» – деп өзіне қарсы сауал қойды. Әлгінің: «Менде Аллаһ
пен Елшісіне деген махаббат қана бар» деген жауабына Пайғамбарымыз:
«Олай болса, сүйгендеріңмен бірге боласың», – дейді». Сосын Әнас (р.а.)
сөзін жалғастырып: «Сүйгендеріңмен бірге боласың» деген сөзіне
қуанғанымыз соншалықты – бұрын- соңды бұлайша шаттыққа бөленбеген
едік. Мен де Пайғамбарымызбен бірге Әбу Бәкірді де, Омарды да жақсы
көремін. Ақиретте солармен бірге боламын деген үміттемін», – дейді.
Хазірет Айша мынадай оқиғаны келтіреді: «Бір кісі келіп: «Уа,
Расулаллаһ, сені жанымнан да, бала- шағамнан да артық жақсы көремін.
Үйде отырған кезде есіме түсіп кетсең, бір сәт кідірместен өзіңе келемін.
Әйтсе де, ақирет есіме түсіп кетсе, сенің жаннатта пайғамбарлармен бірге
болып, өзіңді көре алмай қаламын-ау деп қорқамын», – деді. Пайғамбарымыз
оның ақтарыла айтқан риясыз сөзіне жауап қатпай, үнсіз аз уақыт өткеннен
соң, Жәбірәйіл періште арқылы Жаратқаннан:
«Кімде-кім Аллаһқа және Расулына бағынса, міне, солар Раббыңның нығметтеріне бөленген