Өрікті, құрма мен жүзімді қайнатып, суын ішкенді ұнататын. Дастарқанға
қойылған тамақты ұнатпаса аузына алмайтын, бірақ ешқашан да асты нашар
деп айтпайтын. Асты үш саусағымен алып жейтін.
73. Әһл-бәйіт деген кім?
Арабшада «әһл» сөзі «ие» «бәйіт» сөзі «үй» дегенді білдіреді. Қазақтың
жалпақ тілімен айтқанда «қара шаңырақтың иесі»
дегенге саяды, бірақ
дінімізде бұл Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ұрпағына ғана қатысты айтылған.
Олар – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әйелдері,
балалары, Али (р.а.) мен
Фатимадан (р.а.) тараған ұрпақ. Аллаһ елшісі (с.а.с.) ұрпағының қызы
Фатима мен күйеу баласы Алиден тарайтынын айтқан. Өз ұлдарының
барлығы сәби кезінде шетінеп кеткен.
Барша мұсылман баласының әһл-бәйітке деген құрметі ерекше, өйткені
осы тармақтан келгендер
Ислам әлеміне көп қызмет етіп, жол көрсетуші
ұстаздық атқарған, сондықтан «Ахзаб» сүресінің 32-аятында
Достарыңызбен бөлісу: