«Балаларың мен мал-
мүліктерің сендерге сынақ»
(«Тәғабун» сүресі, 15) , – деп қалай дұрыс
айтқан!» Олардың құлап-сүрініп келе жатқанын көрген кезде шыдай
алмадым, айтып жатқан сөзімді бөліп, оларды құшағыма алдым», – дейді.
(Нәсәи, Жұма, 30 )
Пайғамбарымыз (с.а.с.) өз немерелерімен қоса сахабалардың да
балаларын жақсы көрген. Хазірет Усама (р.а.) өзінің балалық шағындағы
бақытты сәтін былай баяндайды: «Аллаһ Расулы бір тізесіне мені, екінші
тізесіне немересі Хасанды отырғызды, сосын бізді құшағына қысып: «Аллаһ
тағалам, осыларға рақымыңды төге гөр, себебі мен бұларға мейірімдімін», –
деді (Бұхари, Әдеп, 22) .
Пайғамбарымыз (с.а.с.) әке-шешелерінің қасына еріп келген
балалардың бәрін басынан сипап, оларға Аллаһтан жақсылық тілейтін.
Жабир ибн Сәмура (р.а.) балалық шағында басынан өткен бір оқиғаны былай
баяндайды: «Бесін намазын Пайғамбарымызбен бірге оқыдым. Намаздан соң
үйіне беттеді. Мен де дереу артынан ілестім. Алдынан екі бала шықты.
Пайғамбарымыз тоқтап, оларды бетінен сипады. Сосын мені де бетімнен
сипады» (Нәуәуи, Шәрхул-Мүслим, 15-т., 85-б)
Аллаһ елшісі (с.а.с.) балаларға деген сүйіспеншілігін олармен
сәлемдесу арқылы да көрсететін. Жолда балаларды көрсе « Уа, балалар! Әс-
сәламу аләйкум!» – деп сәлемдесетін. Саиб ибн Язид балалықшақтағы
естелігін былай баяндайды: «Біз бір топ бала ойнап жүрген едік.
Жанымыздан Пайғамбарымыз (с.а.с.) өтіп бара жатыр екен. Мен балалардан
бөлініп, қасына барып, сәлем бердім. Сәлемімді алып, «Кімнің баласысың?»
– деп сұрады. Мен: «Саиб ибн Язид ибн ухтин-Нәмр ибн Қасыт», – деп аты-
жөнімді толық айттым. Сонда Расулаллаһ (с.а.с.): «Аллаһсені мүбәракетсін»,
–деді». (Табәрани, Мужәмус-сағир, 1-т., 249-б. )
Сапардан оралғанда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) түйесін қаумалай
қоршап күтіп алған қара сирақ ойын балаларын көрер едіңіз. Тек қана өз
немерелеріне емес, барша бала атаулыға ерекше мейірім көрсеткен. Кеше
ғана қыз баланы тірідей көміп келген жұрт бүгінде балаларының
Пайғамбардың (с.а.с.) мойнына асылып еркелеп жүргенін көрді.
Балаға деген сүйіспеншіліктің бір көрінісі – сыйлық беру.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл жайлы хадисінде былай дейді : «Балаларыңа
сыйлық жасаңдар, жақсы тәлім-тәрбие беріңдер» (Ибн Мажә, Әдеп, 3) .
Хазірет Айшаға айтқан өсиетінде осыны табыстап: «Көршілердің балалары
қасыңа келген кезде, қолына бір нәрсе ұстат, себебі бұл достықты
(сүйіспеншілікті) арттырады», – дейді. Өзі қасына келген балаларға міндетті
түрде сый беретін. Бір уыс құрма болса да беріп, қасынан құр қол жібермеуге
тырысатын. Алғаш піскен жемісті де бірінші соларға тарту ететін. Сахабалар
жыл сайын бау-бақшасының алғашқы жемісін Пайғамбарымызға әкелетін.
Бұл әдет олардың ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігінің көрінісі еді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) әкелінген жемісті алдымен үшмәрте оң көзіне, сосын
сол көзіне басып, дұғасын жасап,жамағаттың ішінде ең кішкентайына
ұсынатын. Осы әдеті арқылы балаға деген сүйіспеншілігін көрсетіп ғана
қоймай, мұсылмандарға үлгі-өнеге болып, балаларға мейіріммен қарау
қажеттігін ұқтыратын. Үмбетіне балаға деген сүйіспеншілікті өсиет еткен
хадистерінің бірінде: «Балаларына көрсеткен мейіріміне байланысты Аллаһ
та оған мейірім танытты», «Балаларын арқалап, омырауын емізген, оларға
мейірімін төккен әйелдер, осы істерімен қоса, күйеулеріне қиыншылық
тудырмаса және намаздарын оқыса жаннаттық болады», – деген.
Адамзаттың ең мейірімдісі Пайғамбарымыз (с.а.с.) балаларды қуанту,
көңілін табуға Аллаһ тағаланың разылығына жетелейтін істердің бірі деп
қарайтын. Жүрген жерінде балалардың жағдайын ойлап жүретін. Ал қызы
Фатиманы маңдайынан, төбесінен иіскеп сүйетін. Тіпті бала жылағанына да
Пайғамбарымыз (с.а.с.) шыдай алмайтын. Бір риуаятта таң намазының
алғашқы рәкатында 60 аяттық сүре оқып тұрған болатын. Сол сәтте бір
баланың жылаған даусы естілді, сосын Аллаһ елшісі (с.а.с.) екінші рәкатта ең
қысқа сүре оқып намазды тез тамамдады (Ибн Әбу Шәйба Әбу Бәкір
Абдуллаһ ибн Мұхаммад 253/1867) .
Аллаһ елшісі (с.а.с.) балалармен әзілдеп те ойнайтын. Әнасты «зул-
узунайн» (қос құлақты) деп атайтын. Кейде күлдіретін, кейбір балаларға
аузына су толтырып бүркетін. Бір хадисінде: «Баласы барлар баламен балаша
ойнасын», – деп, балаларды ойнату керектігін үйрететін. Пайғамбарымыз
(с.а.с.) еңбектей жүріп Хасан мен Хусейнді арқасына отырғызып алатын,
кейде кеудесіне жүргізіп, күлдіріп те ойнататын (Бұхари, әл-Әдәбул-муфрад
96, 249) . Балалар топырақта ойнағанды жақсы көретін болғандықтан,
«Топырақ ─ баланың алғашқы көктемі » деп, балаларды құмға, топыраққа
ойнату керектігін айтатын.
Алайда сүйіспеншілік мәселесінде еш шектен шықпаған. Баланы
барлық нәрседен артық қойып, тіпті Аллаһ тағалаға деген сүйіспеншілігімізге
көлеңке түсірерлік дәрежеде құлай сүю астамшылдық екенін білдіріп,
баланың сынақ екендігін ескерген. Әуелі бізді адам етіп жаратқан,
бойымызға мейірім шуағын сыйлаған Жаратқан Иені жақсы көріп,
шүкіршілігімізді
білдіруіміз
керектігін
дұрыс
санаған.
Балаларға
«Жаратқанның аманаты» деп қарауға шақырған.
Достарыңызбен бөлісу: |