табыс тауып, ол табысын Ибн Масғудқа, бала-шағасының керек-жарағына
жұмсайтын. Бірде әйелі:
– Саған және бала-шағамызға бар тапқанымды жұмсап, басқаларға
садақа беруге шамам жетпей қалды. Садақа бергім-ақ келеді, қайтсек
болады? – дейді жүзін кіреуке мұң шалып. Сонда Абдуллаһ ибн Масғуд:
– Бізге жұмсаған қаражатыңда сен үшін бір сауап бар ма, жоқ па
білмедім, – деген соң, әйелі Пайғамбарымызға (с.а.с.) барып:
– Мен қолөнерге бейімі бар әйелмін, қолымнан шыққан дүниелерді
сатып табыс табамын. Біздің отбасымыздың осыдан басқа табыс көзі жоқ. Ал
садақа берейін десем, бар тапқан-таянғаным күйеуімнің, балаларымның
керек-жарағына жұмсаудан артылмай- ды. Осы өзімізге жұмсаған қаржының
біз үшін сауабы бар ма? – деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Иә,
өз отбасыңа не жұмсасаң да, барлығы саған сауап болып жазылады»
(Хайсами, 3/118) деп жауап қатқан.
ӘбуҮмама (р.а.) жеткізген хадисте: Аллаһ елшісінің алдына бір
баласын арқалап, бір баласын жетектеген күйде бейтаныс әйел келді. Оларды
көрген бойда Аллаһ елшісі (с.а.с.) : «Әйелдер балаларын құрсақтарында
көтереді, айы-күні жеткенде дүниеге әкеледі, машақатына қарамастан
сәбилерге мейіріммен қарайды. Егер әйелдер осы ауыртпалықтарымен бірге
күйеуіне салмақ салмаса әрі намаздарын толық оқыса, жаннатқа кіреді», –
деп сүйіншілейді.
Құрайыштық әйелдерінің балаларға жақсы қарайтындығын, өз күйеуін
құрметтейтіндіктерін көтермелеп: «Құрайыш әйелдері түйеге мінген
әйелдердің ең жақсылары. (Өйткені) олар балаларына өте жақсы қарайды,
күйеуін аса құрметтейді» (Бұхари, Никах 12, Мүслим, Рида 56) – деген.
Достарыңызбен бөлісу: