54. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Айшамен (р.а.) үйленудегі
мақсаты не еді?
Хадиша анамыздың дүние салғанына 3 жыл өткеннен кейін
Пайғамбарымыз (с.а.с.)Айша анамызбен (р.анһа) үйленеді (Айша анамыз
Пайғамбарымызбен 7 жасында некелесіп, қаржы жағдайына байланысты 9
жасқа толғанда той жасап, бірге отбасы құрғандығы айтылса да кейбір
ғалымдар Айша (р.а.) анамыздың Пайғамбарымызбен үйленгенде 17-18
жаста болғандығын айтады. Дәлелдері:
1) Айша анамыз Пайғамбарымызға (с.а.с.) уахи келмей тұрып 5-6 жыл
бұрын дүниеге келген. Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.) Айша анамызбен уахидың
келуінен 10-11 жыл өткеннен кейін үйленді. Олай болса Айша анамыз ол
кезде жоқ дегенде 17 жасында болған.
2) Пайғамбарымыз бен Айша анамыздың үйленгенін ешкім
ерсікөрмеген.Өйткені мұндай жа сайырмашылығымен үйлену ол кездің
әдетіне айналған болатын. Бұған дәлел Омар (р.а.) өзінің жас қызы Хафсаны
Әбу Бәкірге ұсынған болатын. Әбу Бәкір мен Хафсаның жас айырмашылығы
Пайғамбарымыз бен Айша анамыздың жас айырмашылығындай еді.
Пайғамбарымыздың Айшамен үйленгенін ешкім сынға алмағаны секілді
мұны да ешкім сынға алмаған.
3) Айша анамыздың әпкесі Әсма 100 жыл өмір сүрді. Ал Айша анамыз
Әсмадан 10 жас кіші болатын. Әсма Һижреттің 73-жылы қайтыс болды. Олай
болса Меккеден Мәдинаға һижрет еткенде оның жасы (100-73) 27-де болған.
Сондықтан Айша анамыз һижретте 17 жаста болған. Һижрет еткеннен кейін
Пайғамбарымызбен (с.а.с.) 17-18 жасына толғанда үйленген. 4. Әбу Бәкірдің
қызы Айша анамызды Пайғамбарымызбен (с.а.с.) некелеспей тұрып Жүбәйр
ибн Мутим айттырып қойған болатын. Олай болса Айша анамыз
Пайғамбарымызға үйленбей тұрып бой жеткен, өйткені бой жетпегенде оны
Жүбәйр айттырмас еді. Кейіннен Жүбәйірдің әкесі Ислам дінін
қабылдамағандықтан, Айшаның әкесі Әбу Бәкірдің мұсылман болғандығын
естіп, бұл айттыруды бұзып, баласын Айшаға үйлендірмей қояды. Һижретке
бір жыл өткеннен кейін Айша анамыз Пайғамбарымызбен үйленеді. Олай
болса, араб елінде күннің ыстықтығына байланысты қыз баланың ерте бой
жетіп үйленуі, әдеттегі жай саналған. Сондықтан ыстық климаттағы қыздар
мен табиғатында қысы бар, суық климаттағы қыздардың бой жету
ерекшелігін ескеру керек) Пайғамбарымыз (с.а.с.) қатарынан екі рет түс
көріп, екеуінде де алдына жібекке оранған хазірет Айша әкелініп: «Міне, бұл
сенің жұбайың болады», – деген аян беріледі (ескеру керек. 173 Жүрек
төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.) түрік тілінен аударған
Ғ. Тобашев.1/115 «Көкжиек баспасы», 2010ж Алматы),сондықтан
жұбайларының ішіндегі Айшаға ерекше көңіл аударатын. Амр ибн Ас (р.а.):
«Уа, Аллаһтың елшісі! Халықтың ішінде саған ең сүйікті жан кім?» – деп
сұрағанда, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Айша!» – деп жауап береді. «Ер кісілердің
арасында ең жақсы көретінің кім?» – деп сұрағанда «Айшаның әкесі!» (яғни
Әбу Бәкір) дейді (Ибн Мажә, Мұқаддима, 101) .
Пайғамбарымыз Айша анамызбен 9 жыл бірге өмір сүрді. Осы жылдар
ішінде Құран, хадис және фиқһ ілімдерін Пайғамбарымыздан тереңінен
үйренді. Айша анамыз сол кезеңнің көпшілік ғалымдарымен ілім жа-
рыстырып, түрлі тақырыптарда пәтуа беріп, Құран мен сүннетті дұрыс
түсінуде мұсылман жұртшылығына үлгі бола білді. Мұсылман әйелдердің
сұрауға ұялған сұрақтарына ол Пайғамбарымыздан үйренген білімімен жауап
берді. Айша (р.а.) – 2000 хадисті риуаят еткен, мұсылман ер мен әйелдердің
мұғалімі бола білген ардақты анамыз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған
сүйіспеншілігін «Хумәйра» деп лақап ат қойып білдірген. Аллаһ елшісі
(с.а.у.) хазірет Айша туралы: « Дініңіздің жартысын осы Хумәйрадан
үйреніңіздер », – деген (ән-Нурул-халид, 2:409) .
Ғалым сахабалардың бірі Әбу Мұса әл-Әшғарионың хадис іліміндегі
дәрежесі жайлы: «Біз, пайғамбардың сахабалары бір хадистің сырын ұға
алмағанда хазірет Айшадан сұрайтынбыз. Хазірет Айшаның міндетті түрде
ол хадис жайлы мәліметі бар болатын», – деп атап көрсеткен (Тирмизи,
Мәнақиб, 3877) .
Имам
Зуһри:
«Егер
өз
дәуірінің
бүкіл
ғалымдарымен
Пайғамбарымыздың басқа жұбайларының ілімдерін бір жерге топтаса,
хазірет Айшаның ілімі асып түсер еді», – деп ілімінің дәрежесін білдірген.
Айша анамыз жомарттықты Пайғамбарымыздан үйренген. Өзіне
берілген сыйлықтардың барлығын пақыр-міскіндерге таратып беретін. Хишм
ибн Уруа, Айшаның 70 мың дирхамды садақа етіп, өзіне еш нәрсе
қалдырмағанын айтады. Күндіз ауыз бекіткеннің өзінде қолына түскен
ақшаны таратып, ауыз ашарға не алып қаламын деп еш ойламайтын. Омар
(р.а.) Ирактан түскен олжаларды бөліп, Айша анамызға да үлесін бергенде,
Айша (р.а.): «Уа, Раббым! Омардың сыйлықтарын алу үшін өмір сүргізбе», –
деп сыйлық алу үшін емес, беріп, көмектесу үшін жүргендігін білдіреді.
Абдуллаһ ибн Зүбәйр бірде Айша анамызға 100 000 дирхам жібереді. Айша
анамыз мұнша ақшадан ақшамға дейін бір тиынын қалдырмай, барлығын
мұң-мұқтаждарға таратып жібереді. Сол күні аузы берік болатын.
Қызметшісі Айша анамызға: «Кешкі тамаққа бір нәрсе алып қалмадыңыз
ба?» – дегенде, «Мұны ертерек айтуың керек еді», – деп бұл ісіне еш
өкінбестен тәуекел етіп жүре берген. Айша анамыз өзіне тиесілі бір үйді
Мұғауияға сатып, одан түске қаржыны кедейлерге таратқан. Мұнымен
шектелмей жетім балаларды алып, тәрбиелеп, өсіріп, үйлендіретін. Бұл
істерді міндетім деп білетін. Ол кездері бір құлды азат ету үшін халықтан
жылу жинап, әрең дегенде азат ететін. Ал Айша анамыз азат еткен құлдардың
саны 62-ге жеткен. Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге тәһәжжуд намазын
тастамауға тырысқан. Аллаһ елшісі (с.а.с.) дүние салғаннан кейін де
құлшылыққа деген ынтасын сәл де болса азайтқан емес.
Олай болса, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Айша анамызбен үйленудегі
мақсаты – шариғат білімін терең үйрету, әсіресе әйел кісілерге қатысты
мәселелерді толығымен меңгерту және барша мұсылман жұртына үлгі болу,
өйткені бұдан кейін пайғамбар келмейді, ақиретке дейінгі мұсылмандарға
қатысты сұрақтар, әсіресе әйел кісілерге қатысты мәселелердің жауабын
үйретіп кететін зерек ойлы Айша анамыз керек болды. Түптеп келгенде,
кейінгілерге сонша білім үйретіп кеткен Айша анамызға барша мұсылман
әйел баласы борыштар.
Достарыңызбен бөлісу: |