Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


 Жеке басына қатысты «бұрынғы және келешектегі күнәларының



Pdf көрінісі
бет64/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

51. Жеке басына қатысты «бұрынғы және келешектегі күнәларының 
кешірілуі» дегенді қалай түсінеміз? 
 
Құранда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өткен және келешектегі 
күнәларының кешірілгендігі айтылған. Құранда «
Осылайша Аллаһ сенің 
өткен және келешектегі барлық күнәңді кешіреді
» ( «Фәтх» сүресі, 1-2)
делінген. Мұны оқығаннан кейін «Пайғамбарымыз (с.а.с.) күнә жасаған ба?» 
деген сұрақ еріксіз ойға оралары хақ. Терең ізденісті қажет ететін бұл аятқа 
қатысты ғалымдардың пікірі түрлі бағытта өрбіген. Ғалымдардың басым 
көпшілігі Пайғамбарымызды (с.а.с.) күнәсіз деп тапқан. Сондай-ақ бұл 
жердегі «күнә» деген сөзді жан-жақты түсінуге болады:
1. «Күнәңді кешірдім» дегені үмбеттің өткен және келер күнәларының 
кешірілуі, өйткені қоғамда белгілі бір топқа басшылық жасаған адам сол 
топтың іс- әрекетіне де, күнәларына да жауап беретіні белгілі.
2. Пайғамбар (с.а.с.) дәрежесінің биіктігі ескеріліп, «күнәлі болған 
күннің өзінде де кешірер едім» дегендей мағынаны береді.
3 . «Жақсылардың игі істері – Аллаһқа ең жақындардың нашар 
істерімен тең» деген ұстанымға сәйкес, ең жақсыны істемеу кейбір өте тақуа, 
әулие кісілер үшін күнә саналуы мүмкін. Ал ең жақсысы істелмей, тек 
жақсысы істелсе, бұл пайғамбарлар үшін «зәнб» болады, сондықтан кейбір 
істер қарапайым адамға сауапты іс саналса, ол пайғамбарлар үшін сүріну 
болып танылған. Олар осы үшін кешірім сұрайтын.
4. Пайғамбарлардың күнәсі деп саналған істер «зәллат» деп аталады, 
бірақ бұлар олардың деңгейіне байланысты. Яғни, зәллаттар қарапайым адам 
үшін қателік емес, бірақ Аллаһқа басқалардан гөрі жақын жүрген 
муқаррабиндер үшін кішігірім қателік ретінде есептеледі.
Хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) нәбилік келмей тұрған уақыттың өзінде 
дұшпандарының қаралайтын ешқандай дәлелдері жоқ еді. Оның 
пайғамбарлықтан бұрын да қараңғылық пен надандықтың ешбір ісіне 
араласпағанын сахих хадистер растап отыр.
Балалық шағында Қағбаның жөндеу жұмыстары кезінде иығына тас 
салып арқалап, ағаларына көмектескені бар. Тас қажағандықтан, етегін 
көтеріп иығына төсемек болғанда, саны ашылып қалады. Сол- ақ екен 
мұрттай ұшып түседі. Дереу тізесін қайта жаба қояды. Осы оқиғадан 
Расулаллаһтың (с.а.с.) бұрын да тікелей Аллаһтың тәрбиесінде болғаны 
байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет