Хадрамутқа аман-есен жетеді. Жолда Аллаһтан басқа ешкімнен де
қорықпайды», – деп болашақтан хабар берген. Бұл жағдайды әділетті төрт
халифаның (р.а.) дәуірінде елдің көзі көрді.
2. Бірде сахабалар ор қазып жатқан. Үлкен бір тасқа кезігіп, сахабалар
барлық күш-жігерімен қозғауға тырысып, еш қимылдата алмайды. Бұл
жайды Пайғамбарымыз (с.а.с.) естіп, қолына қайласын алып келеді де, тасты
ұра бастайды. «Бисмиллаһ» деп бірінші рет ұрғанда, Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) аузынан: «
Маған дәл қазір Византияның кілттері берілді», екінші
ұрғанда «Сасани қорғандарының жығылғанын да көріп тұрмын
», үшінші
мәрте ұрғанда тас күл- талқан болды, артынша «
Иранның кілттері де маған
берілгенін көріп тұрмын
...» – деген қасиетті сөздер төгіліп жатты (Ибн
Кәсир, әл-Бидәя, 4/116; Ибн Һишам, Сирә, 3/230. Муснәд, 4/303.
)
. Алайда
мұндай қиын-қыстау заманда, әсіресе, Мекке мүшріктері қаптап келе
жатқанда, олардан
аман қалудың өзі қиын кезде, Аллаһ елшісінің (с.а.с.)
мұндай хабар беруі мұсылмандарды таңдандырды. Арада бірнеше жыл өтті.
Сағд ибн Әбу Уаққас, Халид ибн Уәлид секілді үлкен қолбасшылар хадисте
айтылған жерлерге мұсылмандардың жеңіс туын тігіп, кілттері Аллаһ
елшісінің (с.а.с.) қолына тапсырылды.
Осыдан кейін айтқандарынан ешқандай шашау шықпаған адамның
пайғамбар болмауы, айтқан сөздерінің Аллаһтың уахи арқылы білдіргеніне
сенбеу мүмкін бе? Оның ғайыптан берген хабарларына қарап төмендегідей
қорытынды жасай аламыз.
Келешектен хабар бергенде ешқашан да «бұл менің ойым», «солай
шығар» деген сияқты екіұшты сөзге бармаған, керісінше, «күндердің күнінде
өздерің куә боласыңдар» деп, әр сөзін нық сеніммен айтқан. Қарапайым
адамның өзі көрмеген, тәжірибесінде кезікпеген нәрселер турасында келешек
жайлы ауыз толтырып жаңалық жеткізуі мүмкін емес. Аллаһтың
елшісі
(с.а.с.) пайғамбарлықтан бұрын әскерге қолбасшы, не топ адамға басшы, не
бір мемлекеттің іргетасын қалаған немесе аты әлемге әйгілі ғалым болып аты
шыққан емес.
Тарих ақылмен емес, жазылған құнды еңбектермен танылады. Ал
соңғы нәбидің өткен қауымдар жайлы айтқан ақиқаттары ешбір кітапта,
ешбір тарихи құжатта кездеспейтін дүниелер.
Достарыңызбен бөлісу: