Бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) бірнеше сахабаларымен мешіт тұрғызып
жатқанда Аммарға кімдердің қолынан қаза табатыны жайлы: «
Әй, байғұсым-
ай, сені бүлік шығарушы топ өлтіреді
» (Кәнзүл-Уммал, 13/536; (қар: Бұхари,
Саләт, 63; Мүслим, Фитән, 70,72,73; Мүснәд, 12/161,164) деп хабар береді.
Аллаһ елшісінің бұл сөзі де
отыз жылдан кейін іске асып, Аммар хазірет
Алиге қарсы бас көтерген бүлікшілердің қолынан шейіт кетті.
Пайғамбарымыз бірде Абдуллаһ ибн Бусрдың басына мүбәрак
қолдарын қойып: «
Бұл бала дәл бір ғасыр жасайды
», «
Жүзіндегі мына
сүйкімсіз сүйелдер де кетеді
», – деді. Сахабалар бұл хадисті растап: «
Ол кісі
жүз жыл өмір сүрді, жүзіндегі сүйелдері де кетті
», – деді.
«
Менен кейін халифат отыз жыл салтанат құрады
», – деді. Бұған да
тарих куә. Атақты төрт халифа мен Алидің ұлы Хасанның мұсылман үмбетін
басқаруы 30 жылға созылды.
«
Осман Құран оқып жатқанда өлтіріледі
».
Айтқанындай хазірет
Осман (р.а.) Құран оқып отырғанда бүлікшілер қолынан һижри 35-жылы
зулхижжа айында шейіт болды.
Бәдір соғысы басталмай тұрып құрайыш мүшріктерінен кімнің қай
жерде өлетінін жеке-жеке көрсеткен еді. Айтқаны айна-қатесіз келді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) сырқаттанып жатқан күндердің бірінде қызы
Фатима анамызды (р.анһа) қасына шақырып алып, құлағына сыбырлайды.
Хазірет Фатима
осы сыбырды ести сала жылап, жүзінен мұң байқалды.
Артынша Аллаһ елшісі оның құлағына тағы да сыбырлады. Бұл жолы
Фатима анамыз қатты қуанды. Бұл жайды Айша (р.анһа) анамыз да байқап
қалып мән- жайды сұрағанда, Фатима анамыз: «Бұл Аллаһ
елшісіне тиісті
сыр», – деп мән-жәйді айтпады. Хазірет Айша Пайғамбарымыз дүниеден
озғаннан кейін арада біраз уақыт өткеннен соң Фатима анамыздан қайта
сұрайды. Сонда Фатима анамыз: «Бірінші шақырған кезде, өзінің көз
жұматынын айтты, сол үшін жыладым (Бұхари, Мәғази, 83; Мүслим,
Фәда’илу’с-Сахабә,98.) .
Екінші рет шақырғанда, «Отбасының ішінде
алғашқы қауышарым сенсің» деді. Мен соған қуандым», – деп жауап береді
(Бұхари, Мәнақиб, 25; Мүслим, Фәда’илу’с-Сахабә, 98, 99
)
. Айтқандай,
Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүниеден озғаннан кейін алты ай өтісімен Фатима
анамыз дүние салды.
Ыстамбұлдың алынуы. Аллаһ елшісі (с.а.с.) бір сөзінде былай дейді:
«
Константинополь (Ыстамбұл) бір күні сөзсіз алынады. Оны алған
қолбасшы – неткен керемет қолбасшы! Оны алған әскер неткен тамаша
әскер!
» (Мүстәдрак, 4/422; Мүснәд, 4/335.) Осы сөз Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) аузыннан шыққаннан бері қаншама сахабалар мен дінді жеткізуді
өзіне міндет еткен мұсылмандар сан рет Ыстамбұлдың түбіне
дейін келіп,
оның іргесіне ат басын тіреп тұрып, ала алмай кері қайтқан. Соңында Фатих
Сұлтан хадистегі сүйінші хабардың іске асуына себепкер болды. 1453 жылы
6 сәуірде Стамбулды азат етіп, Пайғамбарымыздың бұл айтқан сөзі де
Аллаһтың қалауымен орындалды.