Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы



Pdf көрінісі
бет56/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

Ол жерде бір-бірін көре алады, айқайлап шақырғанның даусын ести алатын 
жер. Сол кезде Күн адамдарға жақындатылады, әрбір адам жан 
қиналысынан, уайымнан шыдай алмайтындай күйге түседі де бір-біріне:
«Мынадай жан қиналысымызды, басымызға келген жағдайымызды 
көрмейсіңдер ме? Халімізді Раббымызға айтып, шапағат ететін біреуді 
табуды еш ойландыңдар ма?» – деп сұрайды. Сонда кейбіреулері: «Атамыз 
Адам атаға барыңдар», – деп айтады. Олар Адам атаға барып: «Уа, Адам! 
Сен адамдардың әкесісің. Сені Аллаһ тағала құдірет қолымен жарат- ты. 
Саған өзінің рухынан үрледі. Періштелердің саған сәжде жасаулары 
бұйырылды. Сені жаннатқа кіргізді. Бізге шапағат ет», – деп 
шағымданады. Сонда ол: «Бүгін Раббым өте ашулы. Бұрын-соңды бұлайша 
ашу- лы болған емес. Раббым сол ағашқа жақындамауымды бұйырған 
болатын, мен оны тыңдамадым. Негізінде, менің өзім шапағатқа 
мұқтажбын. Сендер Нұхқа барыңдар», – дейді. Олар Нұхқа барып: 
 «Ей, Нұх! Сен жер бетіне жіберілген елшілердің ең алғашқысысың. 
Аллаһ тағала саған «мол шүкір етуші» деген болатын. Біздің мынадай қиын 
жағдайымызды көрмеймісің? Бізге шапағат ет», – дейді. Сонда Нұх: «Бүгін 
Раббым қатты ашулы. Бұрын-соңды мұндай ашулы болған емес. Менің бір 
дұғам бар болатын, ол дұғаны да қауымыма қарсы қолдандым. Негізінде, 
мен өзім шапағатқа мұқтажбын. Сендер Ибраһимге барыңдар», – деп жөн 
сілтейді. Олар Ибраһим пайғамбарға барып:
«Сен Аллаһтың пайғамбарысың, Аллаһтың досы атандың. 
Раббымызға барып бізге шапағат ет! Басымызға мынадай қиын күн 
туғанын көрмейсің бе?» – дегенде, ол былай дейді: «Бүгін Раббым қатты 
ашулы. Бұрын-соңды мұндай ашулы болған емес. Мен уақытында үш мәрте 
жалған сөйледім. Негізінде, мен өзім шапағатқа мұқтажбын. Сендер 
Мұсаға барыңдар», – дейді. Олар іле Мұса пайғамбарға барып:


«Уа, Мұса! Сен Аллаһтың елшісісің. Аллаһ саған пайғамбарлық 
беруімен қоса сенімен тілдесу арқылы басқа адамдардан дәрежеңді жоғары 
етті. Аллаһ тағаланың құзырында бізге шапағат ет», – дейді. Ол: «Бүгін 
Раббым қатты ашулы. Бұрын-соңды мұндай ашулы болған емес. Мен 
өлтіруім міндеттелмеген бір адамның жанын қидым. Негізінде, мен өзім 
шапағатқа мұқтажбын», – дейді. Адамдар енді Иса пайғамбарға барып:
«Уа, Иса! Сен Аллаһтың елшісісің, оның Мария анамызға жіберген 
сөзісің әрі жаратқан рухысың, сен бесікте жатып адамдармен тілдестің. 
Аллаһ тағаланың құзырында бізге шапағат ет! Біздің қатты қиын 
жағдайда екенімізді көрмеймісің?» – дейді. Сон- да Иса: «Бүгін Раббым 
қатты ашулы. Бұрын-соңды мұндай ашулы болған емес», – дейді де, ешбір 
күнәсін айтпайды. Содан кейін сөзін жалғастырып: «... Негізінде, мен өзім 
шапағатқа мұқтажбын. Сендер Мұхаммедке барыңдар», – дейді. Сонда 
маған келіп:
«Уа, Мұхаммед! Сен Аллаһтың елшісі әрі соңғы пайғамбарысың. Аллаһ 
тағала сенің өткен және болашақтағы күнәларыңды кешірді. Раббыңның 
құзырында бізге шапағат ет», – дейді.
Сонда мен Аллаһтың аршының жанына келіп, Раббының құзырында 
сәждеге жығыламын. Сосын Аллаһ тағала бұрын-соңды ешкімге үйретпеген 
шүкіршілік пен мақтауды жүрегіме салады. Сосын маған: «Ей, Мұхаммед! 
Басыңды сәждеден көтер! Не қаласаң сол саған беріледі. Шапағат ет, 
шапағатың қабыл болады», – деп айтылады. Мен басымды сәждеден 
көтеріп: 
«Уа, Раббым! Мен үшін үмбетімді кешір! Уа, Раббым! Үмбетімді 
құтқар!Уа, Раббым, үмбетімді кешір», – деп жалбарынамын. Сол сәтте 
маған: «Мұхаммед! Үмбетіңнен есепке тартылмай жаннатқа кіретіндерін 
жаннат есіктерінің оң жағындағы «бабул-айман»- нан кіргіз! Олар 
жаннаттың басқа есіктерінен де кіре алады», – деп айтады. Сосын Аллаһ 
елшісі сөзін жалғастырып: «Шыбын жанымды құдіретті уысында ұстаған 
Аллаһқа ант етейін, жаннат есіктерінің екі қанатының ара қашықтығы 
Мекке мен (Бахрейндегі) Хажар немесе Мекке мен (Сириядағы) Бусра 
арасын- дай өте кең болады»,
– дейді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) қыл көпірден өтіп бара жатқанда үмбетінен 
кейбіреулерінің жолда қалып қойғандығын біледі. Ол күні мейірімді 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) көпірдің басында тұрады. Үмбеті қыл көпірден 
өтерде астындағы тозаққа түсуден қауіптеніп: «Уа, Мұхаммед! Бізге жәрдем 
бер», – деп жалбарынып жатқанда, Аллаһ елшісі (с.а.с.): « Уа, Раббым! 
Үмбетім, үмбетім. Мен бүгін өзімнің жағдайымды, тіпті қызым Фатиманың 
да жағдайын ойламаймын. Мен үмбетімді қалаймын », – деп Аллаһқа 
жалбарынады.
Бір хадисте « 
Аллаһ тағаладан бір періште келіп, үмбетімнің 
жартысын жаннатқа кіргізу мен ақиретте шапағат ету арасында 
таңдауымды ұсынды. Мен ақиретте шапағат етуді таңдадым. Шапағат 
өте кең әрі жеткілікті. Сіздер бұл шапағат тек қана үмбетімнің 
тақуаларына ғана бұйырады деп ойлайсыздар ма? Ол үмбетімнің қателік 


пен күнә істегендеріне, күнәға белшесінен батқандарға »,
– деп жаннатқа 
үмбетінің жартысы емес шапағатымен барлығының кіруін қалайды.
 
Пайғамбарымыз о дүниеде үмбетінен кейбіреулердің өте қиын 
жағдайға тап болып, шапағатынан да мақұрым қалатындығын сөз етеді. 
Бұлай болуы олардың күнәларының ауырлығынан болса керек, сондықтан 
ақиреттің ауыр жағдайына тап болмау үшін үмбетінің тозаққа түсуін 
қаламайтын Пайғамбарымыз «Мені ұятқа қалдырмаңдар » 6 деп мол ғибадат 
жасауымызды ескерткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет