«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет114/175
Дата28.09.2023
өлшемі4,61 Mb.
#182881
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

7-сабақ 
 
Оқу мақсаттары 
10.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі 
графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды 
тұстары мен үрдістерді талдап жазу; 
Сабақ мақсаттары 
Графиктік мәтіндердегі ақпараттарды салыстыра 
отырып, мәтін құрылымын сақтап, мәселенің маңызды 
тұстарын талдап жазу 
Құндылықтарды дарыту 
Құрмет, ынтымақтастық
Пәнаралық байланыс 
Әлеуметтану, саясаттану 
Тірек сөздер 
Бай мен кедей, әйел мен ер, гендерлік саясат, гендерлік 
теңсіздік, тапқа бөліну, экономиканың құлдырауы, 
жалпы ішкі өнім 
Сабақтың жүргізілу барысы 
Жазылымалды тапсырма 
1-тапсырма
. Берілген мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерге қатысты өз ойыңды білдір. 

Алтын басты әйелден, бақа басты еркек артық. 

Аузы қисық болса да бай баласы сөйлесін. 

Әйел бастаған көш оңбас. 

Кедей бай болсам дейді, бай құдай болсам дейді. 

Малы жоқ деп ерден түңілме, Егіні жоқ деп жерден түңілме. 

Аш бала тоқ баламен ойнамайды, Тоқ бала «Аш болам» деп ойламайды. 
2-тапсырма
. Графиктік мәтіндегі және суреттердегі ақпараттарды іріктеп салыстыр. 


Жазылым тапсырмасы

3-тапсырма
. Талданған, талқыланған, түрлі формада берілген ақпараттарды қолдана 
отырып, «Әлеуметтік теңсіздіктің ел үшін қандай әсері бар?» тақырыбында 140-170 сөз 
көлемінде жазба жұмысын жаз. Өз аргументтерің бен дәлелдеріңді ұсынып, мәселені 
барынша талда. 
 
 
Бағалау
 
Жазылымнан кейінгі тапсырма
4-тапсырма.
Сұрақтарға жауап бер.
 

Танымымыздағы ер адам мен әйел адамның бейнесі қандай? 

Ер адам мен әйел адамға ортақ және бір-біріне жат мінездер бола ма? 

Бай мен кедейге бөлудің жақсы тұсы бар ма? 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет