«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы


көшпелілерде Қызды алып қашу – оның алдында



Pdf көрінісі
бет112/175
Дата28.09.2023
өлшемі4,61 Mb.
#182881
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

көшпелілерде Қызды алып қашу – оның алдында 
орын алған жоралғыны бұзу
(я атастырылған қызды ұрлау, я дәстүрге сай келмегенде) 
немесе кек алу (Шыңғысханның мысалында). Жат жұрттық деп тәрбиеленген қызды 
құтты орнына қондыру – ата-ананың ұлкен парызы, ал құда – Құдайындай сыйлайтын, 
барлық «назын» көтеретін жамағат. Әрбір қазақ қызының, қарындасының бар сый-
жоралғымен үйден ұзатылғанын қалаған. 
Тойдан бөлек, қазақтағы «әлеуметтік» мәдениет үлгісіндегі әлеуметтік теңдіктің 
мысалдарының үлкені құн төлеуден басталып, кішісі «сүйіншімен» аяқталады. Ортада 
мал атау, жиенқұрық, қонағына ат жабу дәстүрлері бар (Қазақтың ұнаған, сүйсінген 
адамына «мал атауының» өзі бір ғанибет емес пе?! Қай ұлтта бар ондай? Кедей тұрған 
ұлтта бола қоймас). Дүние есігін ашқаннан бастап дүнеден өтерге дейінгі қазақтың тойы 
бітпеген. «Отыз күндік ойны, қырық күндік тойының» аламаны бар, бәйгесі бар, жарысы 
бар, күресі бар, жеңімпаздарға тиетін сыйлығы бар – бұл дүниеге қонақ болып келген 
қазақ тойлаудың да, берудің де қасиетін керемет ұққан-ды. 
«Мәдениеттілік үдерісі туралы» еңбегінде Н. Элиас этикет жайлы керемет пікірін 
білдіреді. Оның айтуынша, этикет – адамдардың аса мәдениетті, яғни материалдық 
жағынан жоғары тұрғанын көрсетудің амалы. Сол себепті Еуропада бай адамдардың 
дастарханынан майлық (салфетки) ғана емес, үш-төрт шаңышқы, екі пышақ, үш стақан 
сынды ыдыстарды көруге болады (шынтуайтына келгенде әрбір асүй аспабының бір 
данасы жеткілікті). Бір сөзбен айтқанда ол кедей адам байдың үйінде нені қалай 
пайдалану керектігін білмейді, яғни этикет нормалары кедейге өз орнын көрсету үшін 
ойлап табылған (Титаник фильміндегі кей эпизодтарды еске түсіріңіз). Ал әрбір қазақ ен-
таңбасыз төрт түлікті (байлықтың басты формасы) түр-түсімен, жасымен, мінезімен 
айыра білген. Әрбір! Осы кездегі қарт-қариялар, не болмаса ауыл тұрғындары сол 
қасиетін сақтап келсе – бұл айғақ қой! Егер бұл төрт түлік «таңдаулы» байларда болса, 
онда ол майлық пен үш-төрт шаңышқының кейпіндегі ерекшелік болмай ма? 
http://ult.kz/post/aleumettik-tensizdik-afsanasy-khakynda


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет