Ұлтты сүю әртүрлі
Ақылы, сезімі ұстарған қазіргі мәдениеттің төрінде жүрген адам баласын алсақ, әр
ұлт
өзінің өскенін,
өзгенің көркейгенін, жетілгенін,
өзінің қожалығын
көксеп
,
жанын
салып, қанын судай ағызып, дүние-мүлкін ортаға салып, алысып жатыр. Бұған қарағанда
адам баласының өз
мешелділігі
мәдениет өрлеген сайын күшейіп келеді.
«Өзіңе тілегенді
біреуге де тіле»
,
«Адам баласын бауыр тұт»
деген
көркем тілек далада қалып,
тұрмыс
күресі, қанішерлік майдандап тұр. Ұлты үшін құрбан болуға шыдағандық –
ұлтшылдықтың осы күнде ең берік ережесі.
Ұлтын шын сүйіп, аянбай қызмет қылған азаматы көп жұрт күшті, өнерлі, білімді
жұрт болып, күресте тең түсіп, басқаларға өзін
елетіп
отыр. Ұлты үшін
құрмет қылмай,
бос қамын ойлап жүрген азаматтардың елі артта қалып отыр. Ұлтшыл жұрттар – әне,
Германия, Жапония, Англия, Түркиялар, олардың баласы жасынан «ұлтым» деп өседі.
Есейген
соң бар білімін, күшін өз жұртының күшеюіне жұмсайды. Олардың әр адамы –
мемлекеттің керегі, қызметкері.
Оқығандар өзін-өзі тәрбие қылу керек.
Қара халықтан
Достарыңызбен бөлісу: