«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет10/175
Дата28.09.2023
өлшемі4,61 Mb.
#182881
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

Мәтінмен жұмыс кезеңі. 
2-тапсырма. Берілген үзіндіні оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
 

Берілген мақаланың үзіндісінде автор қандай мәселені талқылайды? 

Автор оқырманын толғандыра ала ма? Неліктен? 

Берілген үзіндіде қандай сұрақ қарастырылған және автор қандай 
жауапты ұсынады? 

Сөз адам өміріне қалай әсер етеді? 
 
Тіл – адам жанының тілмашы. Тілсіз жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, 
жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей, қор болып қалар еді. Адам тіл 
арқасында ғана жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға 
алады. Ойлаған ойын сыртқа шығарып басқаға ұқтыра алса, адамның не 
арманы бар. Жазушы, ақын деген сөз – ойлаған ойын әдемілеп жарыққа 
шығара алатын адам деген сөз. Тілі кем болса, адамның қор болғаны. Ойың 
толып тұрып, айтуға тілің жетпесе, іш қазандай қайнайды да. Қысқасы – 
адамның толық мағынасы мен адам аталуы тіл арқасында. 
Тіл әрбір адамға осындай қымбат болса, әрине, ұлт үшін де қымбат. Тілсіз 
ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес. Ондай ұлт 



құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болу. Ұлттың тілі кеми 
бастауы ұлттың құри бастағандығын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат еш 
нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, 
мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы
біресе желсіз түндей тынық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада 
үдере көшкен тұрмыс, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп 
тұр. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай. 
3-тапсырма. Мәтін бойынша қос жазба күнделігін толтырыңыз.
 
Мәтіннен үзінді 
 
Түсіндірме 
Ақынның тіл мен қазақ мінезін, болмысын 
байланыстырудағы мақсатына қатысты 
тұжырымыңды жаз. 
Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы
біресе желсіз түндей тынық, біресе құйындай 
екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен 
тұрмыс, асықпайтын, саспайтын сабырлы 
мінезі – бәрі көрініп тұр.»
 
Егер 21-ғасырда алаш зиялысы Мағжан өмір 
сүрсе, ақынды қандай мәселе толғандыруы 
мүмкін деп ойлайсың?
Өз ойыңды берілген тіркестер негізінде білдір. 
Менің ойымша ...., Мұндай қорытындыға 
келуімнің себебі... 
Біріншіден..., екіншіден..., үшіншіден.
 
Берілген ойға қатысты тұжырымыңызды 
жазыңыз. 
«Жүрек, ар-ұят оянса, мінез-құлық түзелсе, 
мәдени, тарихи өрлеу басталады, ізгілік, 
руханият, бақыт келеді» дейді ұлы ойшылдар.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет