«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет61/175
Дата28.09.2023
өлшемі4,61 Mb.
#182881
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

Балаға хат 
 
Қымбатты балаларым! Қалдарың жақсы ма? Оқуларыңды үлгеріп жүрсіңдер ме? Сендер 
жақта ауа-райы жылы ма? Тоңып жүрген жоқсыңдар ма?
Балапандарым менің… Сендердің алғашқы уілдегендерің, маған келгілерің келіп 
талпынғандарың, неше түрлі қылықтар шыға бастаған сәттерің бәрі-бәрі көз алдымда. 
Қаңғалақтап қадам басып бара жатқаныңда құлап түсер ме екен деп, жан-дәрмен, жүрегім 
аузыма тығылып, талай ұмтылдым-ау… Жазатайым құлап қалсаң, соғып алған жеріңнің 
ауырғанын жаныммен сезініп, жанарға жас үйіріліп, жазатайым шікірттеніп, ауыра 
қалсаңдар бірге ауырдым ғой… Әлдебір тәтті, дәмді бірдеңе қолға түсе қалса, 
«құлындарым жесінші» деп титтәй түйіріне дейін сендерге сақтап, тәбетке тыйым салушы 
едім… 
Жылға жыл қосылып есейе бастадыңдар. Хат танытып, сабақтарыңды қаратып, білгенімді 
үйретіп әбігер болушы ем… Сондай бір күндерде қатты ұрсыппын ғой, оны анадағы бір 
әңгімелеріңнен байқап қалдым. Майлы жерден бір тартатыным бар еді, әбден сендер 
есіріп кеткенде. Сөйттім бе екен? Өйткенше, қолы құрғыр неге түсіп қалмады екен?! Енді 
соған өкініп отырмын.
Ең кішкентайымды бір қолтығыма қысып, біреуіне етегімнен ұстатып, бір қолыммен ас 
дайындап, күнде ауыстыруға жетіспейтін киім-кешектерді түнімен жуып, кептіріп, 
өтектеп, ертеңгісін әп-әйбат қып біріңді мектепке, біріңді балабақшаға жеткізіп, әрі қарай 
тіршіліктің қарекетіне беттеп, «кешікпейін, бастықтан сөз естімейін» деп емпеңдеп, 
жартылай жүгіріп, екі өкпемді қолыма ап қызметіме жетуші едім… Жұмыстан қайтқанша 
сағынып, ет жүрегім елжіреп, сендерді көргенше асық болатынмын. Жол-жөнекей кешкі 
ас мәзірлерін ала-мала, бір қолыммен сендерді жетектеп, 5-қабатқа көтеріліп, күні бойғы 
шаршау бар, әлсіреу бар (қай бір тоя тамақ іштік дейсің…) үйге кіретінмін, сонда да 
бақытты едім. Өйткені, менің дем беретін қуат күшім сендер бар едіңдер. 
Сағынышты сәлеммен, аналарың! 
3-тапсырма. 
Өзің қатарлы жастардың бір-біріне деген сыйластығы, қарым-қатынасы 
туралы баяндап, хат жаз. Адресатты (досыңа, анаңа, мұғаліміңе, бауырыңа, т.б.) қалауың 
бойынша таңда. Хат ерекшелігі мен тіл көркемдігін сақта. 
Хат жазуда төменде берілген ақпаратты пайдалан. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет