ассоциациясын (АТЭС), Азиядағы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясын
(АСЕАН), Латын Америкасындағы Латынамерикалық Интеграция ассоциациясын (ЛАЙ)
т.б. озық интеграциялық құрылымдар деп атауға болады.
Еуразиялық экономикалық одақтың құрамындағы
Ресей, Беларусь, Қазақстанның
бұрыннан келе жатқан экономикалық қана емес, әлеуметтік тығыз байланысы, достастығы
бар. Еуразиялық экономикалық одақ 170 миллион халықты құрайтын үш елдің ортақ
нарығын құрайды.
Қазір біз «Қазақстан-2050» Стратегиясын қабылдадық және жаппай жаңғырту жөнінен
елеулі міндеттерді жүзеге асырудамыз. Біз әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуге
ұмтылып отырмыз. «Бұл мақсатқа біз өзіміздің көршілерімізбен тығыз интеграция арқылы
қол жеткізбек ниеттеміз», - дейді Елбасымыз. Еуразиялық экономикалық одақтың
құрылуы экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі мен инновациялық деңгейде дамуына
септігін тигізеді.
Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан» газеті
https://egemen.kz/article/euraziyalyk-ekonomikalyk-odak-%E2%80%93-elderdin-ten-kukykty-
birlestigi
Достарыңызбен бөлісу: