«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы


-бөлім: Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі



Pdf көрінісі
бет63/175
Дата28.09.2023
өлшемі4,61 Mb.
#182881
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

4-бөлім: Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі. 
Тілдік жүйе және норма 
1-сабақ 
Оқу мақсаттары 
10.1.2.1 
мамандандырылған 
тар 
аядағы 
арнайы 
мәтіндердегі (мақала) мақсатты аудиторияға арналған 
терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау 
Сабақ мақсаттары 
Мақаладағы мақсатты аудиторияға арналған терминдер 
мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау 
Құндылықтарды дарыту 
 
Жауапкершілік, серіктестік 
Пәнаралық байланыс 
Экономика, тарих 
Тірек сөздер 
Еуразиялық экономикалық одақ, интеграция, үрдіс 
 
 
Сабақтың жүргізілу барысы 
Тыңдалымалды тапсырма 
 
1-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестеріне назар аудар. Тыңдалым мәтінінде 
берілетін ақпаратты болжа.
 
 
 
 
 
 
 
 
2-тапсырма. Сөздікпен жұмыс жаса. Жұпта талқыла. 
Интеграция (
лат.
 
Іntegratіo – бөлшектелген бөліктерді біріктіру) –
экономикалық 
субъектілерді біріктіру, олардың арасындағы байланыстарды, ынтымақтастықты дамыту.
Өзінің жеке мүдделерін және халық пен бизнестің талап-тілектерін қамтамасыз ету үшін 
дүниежүзі елдері бірлесе жақындасуға, яғни интеграцияға бағытталған саясат жүргізеді. 
Оған үдеріс ретінде де, жақындасудың нәтижесі ретінде де қарауға болады. Біріншіден, 
бұл бірлесе қызмет атқаруға, ал кейбір жағдайларда түрлі елдердің бірігуіне әкелетін 
үдерістер. Екінші мағынасында интеграция ретінде ортақ мақсатқа бірлесе қол жеткізу 
үшін құрылған мемлекетаралық бірлестіктер алынады. 
Экономикалық интеграция – 
түрлі елдердің ұлттық шаруашылықтары арасындағы 
ынтымақтастық және олардың толық (немесе ішінара) бірегейлендірілуі; осы елдер 
арасындағы саудада кедергілерді жою; бір үлкен (ортақ) нарық құру мақсатымен 
жекелеген елдердің әрқайсысының нарықтарын жақындату, экономикалық объектілердің 
жуықтасуы, өзара астасуы (бірлесуге дейін). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет