«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет66/175
Дата28.09.2023
өлшемі4,61 Mb.
#182881
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

 
 
Сабақтың жүргізілу барысы 
Тыңдалымалды тапсырма 
1-тапсырма. Айтылған пікірлердің мазмұнына қатысты өз ойыңызды білдір. Тыңдалым 
мәтінінің мазмұнына болжам жаса. 
Біз «білім – ғылым – инновация үштігі» басқаратын постиндустриалды әлемге жылжып 
келеміз.
Н.Назарбаев 
Өз білімін өмірдің, өндірістің тәжірбиелерімен нығайтып, байытып отыратын, тапқан 
ілімін
,
үлкенді-кішілі ашқан жаңалығын халықтың қажетіне беріп отыратын ғылым 
ғана өз дәрежесінде заман талабының өресінде болады. 
Қ. Сәтбаев 
Тыңдалым тапсырмасы
2-тапсырма. Мәтінді тыңдап, төмендегі кестені толтыр. 
 
Тыңдалым мәтінінде 
айтылған 3 маңызды 
ақпарат 
 
 
 Тыңдалым мәтінінде 
айтылған 2 факті 
 
Тыңдалым мәтінінде 
көтерілген өзекті 
мәселе 
 
10.
Тақырыпқа қатысты сұрақтарға 
жауап береді: 
-
экономикалық одақтардың құрылу 
себебін айтады; 
-
тұжырыммен келісетінін не 
келіспейтінін дәлелдейді; 
-
талқылау сұрағы бойынша өз пікірін 
білдіреді. 


Мәтіннен түйген ойым: 
Тыңдалым мәтіні:
 
Алматыда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің Үкімет басшыларының 
қатысуымен цифрлық форум өтті.
«Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0» атты халықаралық форум елімізде 
осымен екінші рет өткізіліп отыр. Мұндай халықаралық жиынды өткізуді 2017 жылы 
Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 
ұсынған болатын. Былтыр тұңғыш рет өткізілген форумның нәтижесінде елордамызда 
Astana Hub халықаралық IT стартаптар технопаркі ашылды. Ал биылғы форумның 
ерекшелігі қандай? Нақты қандай нәтиже күтеміз?
Айбар Төлжанұлы, тілші:
- Әлем елдері жаһандану үрдісіне көшкелі қашан?! Қиялына бар ғаламды сыйғызған 
мықтылар адамның көмекшісі ретінде бүкіл әлемді бір ғана мына смартофонға сыйғызды. 
Бұл бер жағы. Алпауыт мемлекеттер қазір барлық саланы цифрландыруға көшті. Енді 
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер инновациялық жобаларды бірлесе 
іске асырмақ. Сол мақсатта Қазақстан, Армения, Қырғызстан мен Ресейдің ІТ 
технопарктерінің жетекшілері ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
1 қыркүйекте Astana Hub технопаркінің жанынан IT университет ашылады. Білім аламын 
деген жастарға гранттары қарастырылған. Премьер-Министр технопарктегі ІТ 
мамандарына баспана берілетінін де мәлімдеді. Қазір Astana Hub технопаркінде 500-ге 
жуық адам жұмыс істейді. Олардың жобаларына жан-жақты қолдау көрсетіледі.
Игорь Овчаренко, Astana Hub халықаралық ІТ стартаптар технопаркінің тәуелсіз 
кеңесшісі: 
- Біз ІТ компанияларымыздың әлемдік нарыққа шығуы үшін жұмыс істеп, 
Қазақстандағы стартаптарды әлемге танытамыз. Біз енді корпорациялық инновациялық 
жобаларды іске асырудамыз. Технопарк арқылы 8 корпорация құрылды. Болашақта 
«Шымкент хаб», «Атырау хаб» технопарктерін құруды жоспарлап отырмыз.
Елімізде денсаулық сақтау саласында біршама инновациялық жобалар іске асты. 
Солардың бірі – «ZoomCare» медициналық жобасы. Ол арқылы науқастар дәрігердің 
кеңесін мобильдік қосымша арқылы ала алады. Бұл уақытты да, қаржыны да үнемдейді. 
Бұл – Astana Hub мамандарының игі жобасы. Мамандар тағы да тың бастамаларды 
енгізудің жолдарын талқылады.
Айбар Төлжанұлы, тілші:
- Бүгінгі форум Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер мен өзге де шетелдік 
сарапшылардың бірлесіп жаңа ІТ жобаларды іске асыруына жол ашты. Қазақстан тарапы 
ұсынған бұл бастамаға өзге мемлекеттер де мүдделі. Өйткені ІТ
саласында жалғыз жүріп даму мүмкін емес. Бүгінгі форумға қатысушылар алдағы уақытта 
білім беру және ІТ жобаларды іске асыруда бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты. Бастысы 
ортақ жобалар әлемдік нарыққа шығады. Оның ішінде Қазақстанның төл жобаларын 
көретін күн де алыс емес.
Авторлары: Айбар Төлжанұлы, Ерсін Мұханбеталин
https://khabar.kz/kz/syuzhetter/item/110043-almatyda-euraziyaly-ekonomikaly-
oda-elderini-tsifrly-forumy-tti 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет