6.2
Мұхит (теңіз) деңгейінің периодты көтерілуі мен төмендеуінен
туындайтын су ағынының энергиясын қолдану...............................
77
6.3
Теңіз ағысының энергиясын пайдалану............................................. 78
6.4
Толқын энергиясын пайдалану........................................................... 79
7
Биомассаны энергия көзі ретінде пайдалану..................................... 82
7.1
Биоотынды өндіру және қолдану....................................................... 82
7.2
Биогазды өндіру және оны қолдану................................................... 88
8
Қайта
жаңартылатын
энергия
көздерін
пайдаланудың
экологиялық аспектілері......................................................................
92
Әдебиеттер тізімі.................................................................................. 98
7
Кіріспе
Әлемде халық санының артуы, өмір сүру сапасын жақсартуға деген
талпыныс, әсіресе, дамыған елдерде энергияны тұтынудың қарқынды түрде
артуына себеп болды. Бұл адам мен қоршаған Орта (табиғат) арасында
жаһандық қайшылықтар тудырды және Жер мен ғарыш арасындағы жылулық
теңдестіктің бұзылуына алып келеді.
Әлемдік қоғамдастық, бірінші жағынан, экономикалық өсу мен
халықтың әл-ауқатын жақсартуды (әсіресе, дамушы елдерде), екінші жағынан,
қоршаған ортаға адамның іс-әрекетінің теріс әсерін қауіпсіз деңгейге дейін
төмендетуді қамтамасыз ететін тұрақты дамуға көшудің қажеттігін
мойындады. Тұрақты дамуға көшуде жаңа энергетикалық технологиялар мен
энергия көздері, оның ішінде қайта жаңартылатын энергия көздері, аса
маңызды рөл атқарады.
Қайта жаңартылатын ресурстар мен альтернативті энергия көздері –
қазақстандық экономиканы дамытудың өте маңызды құралы және келешекте
елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін фактор.
«Энергетика туралы», «Энергия үнемдеу туралы», «Мемлекетті 2030
жылға дейін дамыту стратегиясы», «Қайта жаңартылатын энергия көздерін
пайдалануды қолдау туралы» сияқты заңдар мен бір қатар үкімет
қаулыларында Қазақстан Республикасында қайта жаңартылатын энергия
көздері негізінде энергетиканы құру және дамыту туралы баса айтылған және
жүзеге асыру міндеттері айқындалған.
Қайта жаңартылатын энергия көздерін игеру саласындағы маңызды
мәселелердің бірі – дәстүрлі емес және қайта жаңартылатын ресурстарды
қолданатын энергетикалық қондырғыларды ойлап құрастыру, жасау және
эксплуатациялау үшін мамандар дайындау.
«Электр энергетикасы» мамандығы бойынша оқитын студенттерге
арналған «Қайта жаңартылатын энергия көздері және энергияны үнемдеу»
пәнінің мақсаты – электрмен және жылумен қамтамасыз етудің мемлекеттік
және
автономдық
жүйелерінің
энергетикалық
үрдістерінде
қайта
жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың, әртүрлі салаларда энергия
үнемдеудің ғылыми-техникалық негіздері бойынша білім жүйесін
қалыптастыру.
Бұл оқу құралында дәстүрлі энергия көздерін қолданудың
экологиялық аспектлері, дәстүрлі емес және қайта жаңартылатын энергия
көздерінің түрлері, жалпы сипаттамалары және оларды қолданудың өзектілігі
қарастырылып, күннің, желдің, өзендердің ағын суларының, мұхит пен теңіз
суларының, термалды жер асты суларының және биомассаның энергияларын
қолдану тәсілдері мен техникалық қондырғылары сипатталған. Қайта
жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың экологиялық аспектілері
туралы мағлұматтар келтірілген.
|