ПӘК 10 % дейін көбейеді
. Ыстық ұштары күн сәулелерімен қыздырылатын жартылай өткізгіштік
термоэлектрлік генераторлар тізбектей жалғанады. Мұндай генераторларды аз
қуат пайдаланатын тұтынушылар (маяктар және т.б.) үшін энергия көзі
ретінде қолданылады.
Кең тараған термоэлектрлік генераторлардың максимал жұмыстық
температурасы – 200
°С...
250
°С. Олардың кернеуі 2 В, тогы 1 А, ал қуаты 2
Вт шамасында болады.
2.3.2 Жартылай өткізгіштік фотоэлектрлік түрлендіргіштер.
Фотондар барлық элементарлық бөлшектермен электромагниттік түрде
әрекеттеседі, нәтижесінде сәулелену, энергияны сіңіру және шашырату
сияқты үрдістер орын алады. Кейбір жартылай өткізгіштерде фотондардың
ағынының әрекеті нәтижесінде
ішкі фотоэффект пайда болады, яғни
зарядталған бөлшектердің байланысқан күйден еркін күйге көшіп,
p-n өткелінде жинақталуы жүзеге асады. Бұл жартылай өткізгіш элементтің
беттерінде потенциалдар айырымын тудырады.
Вентильдік фотоэффект немесе фотоэлектрлік эффект
– екі әртектес
жартылай өткізгіштердің (немесе жартылай өткізгіш пен металл) түйіспесі
(контактысы) бар жүйеде оптикалық диапазондағы сәулелердің кванттарын
(фотондарын) сіңіру нәтижесінде
электр қозғаушы күштің (ЭҚК) пайда болу
құбылысы.
Фотоэлемент - фотондардың
энергиясын
электр
энергиясына
түрлендіретін электрондық аспап. Аспаптың жұмыс істеу принципі
фотоэлектрондық эмиссияға немесе
ішкі фотоэффектіге негізделген.
Күн энергиясын электр энергиясына түрлендіретін, энергетикалық
тұрғыдан тиімді құрылғылар ретінде
жартылай өткізгіштік фотоэлектрлік түрлендіргіштер (ФЭТ) саналады, өйткені мұнда тікелей, бір сатылы
түрлендіру орын алады. Қазіргі кезде жасалып жатқан