2.2 Күндік энергетикалық қондырғыларды топтастыру
Күннің энергиясын Жерде қолдану күндік энергетикалық қондырғылар
(КЭҚ) арқылы жүзеге асырылады. Оларды мынадай белгілер арқылы
топтастырады:
-
күннің энергиясын басқа энергияға түрлендірудің түрі бойынша
–
жылулық және электрлік
;
-
күн энергиясын жинақтау бойынша
–
концентраторы бар және
концентраторы жоқ қондырғылар;
-
техникалық күрделілігі бойынша
–
қарапайым
(су қыздырғыштар,
кептіргіштер, қыздыру пештері және т. б.) және
күрделі қондырғылар.
Күрделі күндік энергетикалық қондырғаларды
өз кезегінде екі топқа
бөлуге болады.
Бірінші топ қондырғылары
күн энергиясын жылуға
түрлендіруге негізделген. Мұндай қондырғыларға мұнаралық күндік
17
электрстансасы, күндік көлдер, параболоцилиндрлік концентраторы бар КЭҚ,
оның ішінде, су қыздыруға арналған күндік коллекторлар жатады.
Екінші топ қондырғылары
күн энергиясын тікелей электр энергиясына
фотоэлектрлік құрылғылар арқылы түрлендіруге негізделген. Осылардың
ішінде келешегі зор энергетикалық
қондырғылар ретінде
күндік коллекторлар
және күндік фотоэлектрлік түрлендіргіштер
саналады.
2.3 Күн энергиясын электр энергиясына түрлендіру
2.3.1 Күндік термоэлектрлік түрлендіргіштер.
Күннің жылу энергиясын тікелей электр энергиясына түрлендіру 1821
жылы ашылған Зеебектің эффектісіне негізделген.
Егер химиялық құрамы
әртүрлі екі өткізгіштің ұштарын біріктіріп дәнекерлесе және бұл ұштарды
температурасы әртүрлі ортаға қойса (2.1 сурет), онда олардың арасында
жылулық
электр қозғаушы күш
(
ЭҚК) пайда болады
:
Е
= α(
Т
1
-
Т
2
),
(2.2)
мұндағы
Т
1
– біріккен ыстық ұштардың абсолюттік температурасы;
Т
2
– біріккен суық ұштардың абсолюттік температурасы;
α
–пропорционалдық коэффициент.
Идеал түрлендіргіштің пайдалы әсер коэффициенті (ПЭК) толықтай
ыстық және суық ұштардың абсолюттік температураларымен анықталады.
Нақты түрлендіргіштерде қоршаған ортаға жылу берілу (жылулық
шығын) орын болады. Сондықтан нақты ПӘК:
η=η
оэ
(Т
1
-Т
2
)/Т
1
, (2.3)
мұндағы
η
оэ
<1 - түрлендіргіштің салыстырмалы электрлік ПӘК-і.
2.1 сурет – Термоэлектрлік түрлендіргіштің құрылысы
18
Металдық термоэлектродтарды қолданғанда
ПӘК мәні өте аз
–
проценттің
жүздік
бөлігінен
аспайды.
Жартылай
өткізгіштік
термоэлектродтарды
қолданғанда
1> Достарыңызбен бөлісу: |