қурағандары жайын жорып бер. Олардың да оны білулері
үшін адамдарға қайтып барайын»
, – дейді. Юсуф:
«Жеті жыл
әдеттегіше егін егесіңдер де, сонда орғандарыңды бастырмай
сабақтарында қойып, тек аздап жейтіндеріңді ғана
аласыңдар. Тағы бұдан кейін жеті қатты
(ашаршылық жыл)
келеді. Сонда сақтағандарыңнан азырақ
(алып қалып)
,
бұрыннан сол үшін жинағандарыңды жейсіңдер. Ал бұдан
кейін адамдар жаңбырға кенеліп, онда жемістердің суын
сығатын жыл келеді», – деді»
.
Юсуф түсті жорып қана қоймай, онда аян етілген аштықтан
қалай құтылу жолын да үйретті.
Сөйтіп, шарап құюшы бұл хабарды патшаға жеткізді. Мұндай
жоруға дән риза болған патша:
«Оны маған алып келіңдер»
, –
деді.
Юсуфтың абақтыдан шығуы
Патшаның елшісі Юсуфқа келіп, өзімен бірге қожайынының
алдына баратынын айтты. Бірақ Юсуф абақтыдан шығудан бас
тартты. Ол абақтыдан толықтай ақталып қана шыққысы келген-
ді.
«Шабарман келген кезде
(Юсуф)
: «Қожайыныңа қайтып
бар. Қолдарын тураған әйелдердің мақсаттары не екен?
(Соны)
сұра! Күдіксіз Раббым олардың қулықтарын толық
біледі», – деді»
. Елші қайтып патшаға келіп, арада болған
әңгімені айтып берді. Сонда патша уәзірдің үйінде Юсуфты
көрген әйелдерді жинап:
«Юсуфтың көңілін ауламақшы
болғандарыңда жағдай не еді?» – деп
(сұрайды.
Әйелдер)
:
148
«Аллаһ сақтасын! Оған байланысты ешқандай жамандық
білмедік», – деді. Уәзірдің әйелі де: «Міне, шындық ортаға
шықты. Оның көңілін аулауды қалаған мен едім. Расында,
Достарыңызбен бөлісу: |