«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет147/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

Қара жемісті арония. 
Пайда болған ортасы – Солтҥстік Америка. 
Табиғи тҥрінде Солтҥстік Америкада, Алтай ӛңірінде, Ресейдің бірнеше 
облыстарында, Прибалтика республикаларында, Белорусьта және т.б. 
облыстарда кездеседі. Жабайы тҥрінде бҧта тәріздес, биіктігі 3 м дейін жетеді. 
Ӛнімді ерте, жыл сайын береді. Жемісті мол салады, орта есеппен әрбір 
гектардан 135 ц дейін ӛнім алынады. Жемісінің емдік қасиеті жоғары және 
қҧрамында биологиялық бағалы заттар кӛп. Қара жемісті арония ӛсімдіктері 
зиянкестер мен ауруларға тӛзімді келеді.
Долана. 
Екпе тҥрлерінен Алтай доланасы, ионий доланасы, Тҥркістан 
доланасы, Жоңғар доланасы, Алматы доланасы т.б. кездеседі. Қазақстанда 
соңғы тҥрлері кӛп тараған. Жабайы тҥрінде кӛп бҧталы, бҧтақты келеді, долана 
ағашының биіктігі 3-6 м жетеді. Ӛмір сҥру ҧзақтығы 100-120 жыл.
Ырғай. 
Табиғи тҥрінде 25-ке жуық тҥрі бар. Бізде кәдімгі ырғай, масақты 
ырғай тҥрлері кездеседі. Табиғи тҥрінде Кавказда, Қырымда ӛседі. Кӛп дінді 
бҧта тәріздес ӛсімдік, биіктігі 3-5 м. Ӛнімді ерте, 2-3 жылда береді, орта 
есеппен әр гектарынан 40-80 ц жеміс алынады.
Сҥйекті жемістерге шие, алхоры, шабдалы, алша, ӛрік, шомырт жатады. 
Бҧрынғы ССРО-да жеміс-жидек дақылдарының ішінде кӛлемі жағынан сҥйекті 
ӛсімдіктер екінші орында, яғни 21,2%. Орталық аймақта негізінен шие мен 
алхоры, ал оңтҥстік аймақта ӛрік, шабдалы, қызыл шие, алхоры ӛседі. Бҧл 
дақылдарды біріктіретін негізгі белгісі – жемісінің сҥйек-шырынды қабатының 
болуы. Жемісінің сақталуы мен тасымалдануы, шекілдеуіктілерге қарағанда 
нашар, дәмді, қайта жақсы ӛңделеді. Барлық сҥйек жемістілер раушан гҥлділер 
тҧқымдасына жатады.


Сүйектілер 
топтары.
Сҥйектілер 
тобының 
ӛсімдіктері 
шекілдеуіктілермен салыстырғанда ӛнімді ерте береді. Ҧзақ тіршілік ете 
алмайды.
Қазақстанда негізінен шие мен алхоры, ӛрік, қызыл шие, шабдалы ӛседі. 
Қазіргі кезде Қазақстанда сҥйектілер тобына жататын ӛсімдіктер 13,8 мың 
гектар жерді, яғни барлық жеміс-жидек дақылдары егістігінің 8,6 процентін 
алып жатыр.
Шие.
Ботаникалық тегі бойынша 250 тҥрді біріктіреді. Бҧрынғы ССРО-
да 60-қа жуық тҥрі бар. Шие ӛте кең таралған ӛсімдік, басқа сҥйектілер 
тобының ішінде ең тӛзімді дақыл. Негізгі ӛндірістік ӛнім беретін аймақтар: 
Украина, Белорусь, Солтҥстік Кавказ, Ресей. Қазақстанда шие барлық аймақта 
ӛсіріледі де, бірақ ӛндірістік тҥрі аз таралған. Шие біріңғай ӛнімділігіне 
байланысты кӛп қолданылатын жеміс болғандықтан жаңа піскен кҥйінде де, 
қайта ӛңделген кҥйінде де ӛте бағалы. Қазақстанда шиенің ӛндірістік 11 тҥрі 
ӛсіріледі. Шиенің сорттары бҧта тәріздес (биіктігі 3-4 м) және ағаш тәріздес 
(биіктігі 5-7 м) болып келеді. Бҧта тәріздес сорттары қоңыр қызыл тҥсті, 
қышқыл қызыл шырынды жеміс береді, оларды морель немесе гриот деп 
атайды (Любская, Владимирская сорттары). Ағаш тәріздес шиелердің жемісі 
ақшыл қызыл тҥсті, шырыны боялмаған, оларды аморель деп атайды (Шпанка 
крупная, Анодолькний, қызғылт аморель сорттары). 
Бір жылдық шыбығынан отырғызылған бҧта тектес иелер 3-4 жылдан 
кейін жеміс бере бастайды. 15-20 жыл тіршілік етеді. Ал ағаш тәріздес шие 
жемісті бҧтақ шыбықтарында 4-5 жылдан соң жеміс береді. Тіршілік етуі 20-30 
жыл.
Елімізде кеңінен таралған шиенің басқа да тҥрлері кездеседі. Дала шиесі 
аласа бойлы бҧта тәріздес ӛсімдік (биіктігі 1-1,5 м). Қысқы суыққа, 
қуаңшылыққа ӛте тӛзімді. Ӛнімі мол, жыл сайын жеміс салады.
Жабайы тҥрінде Солтҥстік Кавказда, Батыс Сібірде, Оңтҥстік Уралда 
және Солтҥстік Қазақстанда (Қостанай облысында) кездеседі.
Қҧм шиесі шыққан аймағы Солтҥстік Америка, бойы аласа (биіктігі 1,5 
м), бҧтақшалары тӛсемелі болып келеді. Жемісі шырынды, негізінен қайта 
ӛндіруге пайдаланады.
Тҥкті шие аласа бойлы бҧта (биіктігі 1,2 – 1,6 м). Жабайы тҥрінде 
Солтҥстік Қытайда кең таралған. Осы тҥрдің қатысуымен селекция арқылы 
шығарылған. Тҥкті шиенің екпе сорттары Қиыр Шығыста, Батыс, Шығыс 
Сібірде кеңінен тараған. Тҥкті шие басқа шиенің тҥрлерімен будандаспайды.
Могалеб шиесі биік, бҧта немесе ағаш тәріздес (биіктігі 4-7 м, кейбірі 10-
12 м) болып келеді. Берік бастары аумақты, бҧтақшалары жіңішке тал сияқты. 
Жабайы тҥрлері Қырымда, Кавказда, Орта Азияда ӛседі. Жемісі майда, 
кӛбінесе жеуге жарамайды. Бізде шиенің бҧл тҥрін қызыл шие ҥшін телісуші 
ретінде пайдаланады. Оңтҥстік Қазақстанда Маголеб шиесі қуаңшылыққа 
шыдамды, сондықтан қызыл шие мен екпе шие сорттарына телісуші ретінде 
қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет