«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет149/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

Жидек топтары.
Жеміс-жидек шаруашылығында жидектер тобына кӛп 
жылдық бҧта, ҥнемі кӛгеріп тҧратын ӛсімдіктер жатады. Олардың жемісі 
шырынды, дәмі тәтті болып келеді. Жемістері дәрі ретінде, жас кезінде жеуге 
және қайта ӛңдеуге пайдаланылады.
Жидек ӛсімдіктері суыққа тӛзімді, сондықтан бҧл дақылдың кӛптеген 
тҥрлері Қазақстанның орталық, батыс және солтҥстік аймақтарында ӛсіріледі. 
Жеміс дақылдарына қарағанда жидек ӛсімдіктерінің бір сортының ӛзін 
солтҥстік аймақтарда да, оңтҥстік аймақтарда да ӛсіруге болады.
Солтҥстік аймақта ӛсірілген жидек дақылы жемісінің сапасы жоғары 
және оңтҥстік аймақпен салыстырғанда мол ӛнім береді. Елімізде жидек 
ӛсімдіктері кӛп тарамаған, себебі ӛнімін жинап алу қиын және олар жиі 
ауырады, зиянкестері кӛп болады. Біздің елде қазіргі кезде жидек дақылдары 
143 мың гектар жерде алады, бҧл жеміс-жидек шауашылығының 4 проценті. 
Қазақстанда 7,4 мың гектар, жылдық ӛнімі 7-8 мың тонна.
Жидек дақылдарының ішінде кӛбірек ӛсірілетіндері: қарақат (69 мың га), 
бҥлдірген (27 мың га), таңқурай (21 мың га) және тҧшала (20 мың га) т.б. 
Бүлдірген
кӛп жылдық, ҥнемі кӛтеріп тҧратын ӛсімдік. Дҥние жҥзінде 30-ға 
жуық тҥрі бар. Біздің елімізде жабайы 6 тҥрі кездеседі. Ол жеміс-жидек 
ӛсімдіктерінің ішінде ең ерте ӛнім беретін дақыл. Отырғызылғаннан кейін 
екінші жылы жеміс береді. Тіршілік ету ҧзақтығы 10-12 жыл, 3-4 жылда ӛнім 
беруі аяқталады. Бҧл мерзімнен артық пайдаланылған плантациядан ӛнім 
мейлінше аз алынады. Сондықтан бҧл аймақта қысқа қарай бҥлдірген 
плантациясын сабанмен т.б. жабу қажет. Бізде бҥлдіргеннің аудандастырылған 
96 сорты белгілі, ал Қазақстанда 23 сорты ӛседі. Екпе сорттарын шығаруға 
мынандай жабайы тҥрлері қатынасады: тасбҥлдірген, вигрин бҥлдіргені, чили 
бҥлдіргені, орман бҥлдіргені т.б.. 
Қой бүлдірген
- кӛп жылдық , қысқа жатаған жуантық, муртшалы 
сабақты шӛптесін ӛсімдік.


Жүзім 
- ӛрмелейтін мҧртшалары бар сабағы шырмауық сияқты, 
кӛп жылдық бҧта. Бір жылдық сабақтары бҧтақтары бҧтақтанған, бунақ 
пен бҧтақ аралықтарынан тҧрады, ҧзын (3-6м) болады 
Қарақат 
кӛп жылдық бҧта, оның биіктігі 1,5-2,5 м болады,. шашыранды
қара қарағат – қызыл және ақ қарағат - бҧтақтанған сабағы бар кӛп 
жылдық бҧта Тамырлары жер бетіне жақын орналасқан. Ӛсімдіктің тіршілік 
ету ҧзақтығы 15-20 жыл, ӛнім беру кезеңі 8-12 жылға созылады. Қарақат 
отырғызылғаннан кейін 2-3 жылда жеміс береді. Олардың қазіргі кезде 112 тҥрі 
белгілі. Екпе дақыл ретінде қарақаттың қара, қызыл, ақ, алтын тҥсті тҥрлері 
бар. Бҧлардың ішінде ең бағалысы – қара қарақат. Оның жидегіндегі С 
витаминінің мӛлшері бҥлдіргеннің жидегіндегіден 5 есе, лимон, апельсин, 
мандарин, тҧшала, таңқурай жемістеріндегіден 7-8 есе, алмадағыдан – 10-20 
есе, жҥзімдегіден 100 есе кӛп және биологиялық заттар қарақаттың басқа 
тҥрлерімен салыстырғанда жидегінде мол болады.
Екпе қарақат тҥрлері ішінде ең кӛп тарағаны – қара қарақат. Ол суыққа 
тӛзімді келеді және топырақтың ылғалды және қҧнарлы болуын қажет етеді. 
Республикамыздың оңтҥстік аудандарында, таулы аймақтарында ӛсіріледі, ал 
Алматы, Жамбыл, Шымкент, Қызылорда облыстарының далалық аймағында 
қара қарақат ӛсіру шаруашылықтарға тиімді емес. Себебі бҧл аймақтарда ауа 
райы жазда ыстық, қыс пен ерте кӛктемде қҧбылмалы келеді. Қара қарақат 
республикамыздың негізінен солтҥстік және шығыс облыстарында кӛптеп 
ӛсіріледі.
Егер жақсы кҥтімді болса, қара қарақаттың әр гектарынан 60-100 ц ӛнім 
алуға болады. Қазақстанда аудандастырылған 13 сорты егіледі. Олар негізінен 
Белорусь пен Алтай селекцияларынан шығарылған. Кеңінен таралған 
сорттары: Алтайская дессертная, голубка, ал болашағы зор сорттар қатарына 
Белорусская сладкая, Минай Шмырев т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет