«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет157/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

Бақша дақылдары 
дәмдік қасиеті жоғары шырынды жемісі ҥшін 
ӛсіріледі. Бақша дақылдары жемістері қант, витаминдерге бай. Олар тағамдық 
мақсатқа, консерві, кондитер ӛндірісінде және мал азығына кеңінен 
қолданылады. Олардың қҧрамында 16-20% -ке дейін қант болады.
Бақша дақылдарына қарбыз, асқабақ, қауын жатады. Олар дәмдік 
сапасы жоғары шырынды жеміс алу ҧшін ӛсіріледі. Мал азығына асқабақ пен 
қарбыздың мал азықтық сорттарының жас жемістері пайдаланылады. 100 кг 
мал азықтық асқабақта 10 а. ӛ. болады, Мал азықтық бақша дақылдарының 
ӛнімі жоғары, мәселен қарбыз суарылмайтын жерлерде 200—300 ц/та, ал 
суармалы жерлерде 400—500 ц/га ӛнім береді, асқабақтың ӛнімі — 350— 
700 ц/га дейін жетеді.
Бақша дақылдары асқабақ тҧқымдасына 
(Cucurbitacae Juss.) 
жатады. Бҧл 
тҧқымдас тропиктік және субтропиктік аймақтарда кеңінен тараған 
100
-ден аса 
туыстық пен 
1100
-ге жуық тҧрлерін қамтиды. Олардың ішінде тек 
20
-ға жуық 
тҥрлері мәдени болып табылады. Бақша дақылдарына:
-қарбыз - 
Citrullus lanatus (Thunb.) Matsum et Nakai, 

қауын - 
Cucumis Melo L ,
-
мускатты асқабақ -
Cucurbita moscfiata Duch.,
-
ipi жемісті асқабақ - 
Cucurbita maxima Duch.,
-
қатты жемісті асқабақ - 
Cucurbita pepo L. Citrullina Alef. 
жатады. 
Асқабақтадың тамыр жҥйесі жақсы дамыған, сабақтары ӛрмелегіш, 
жапырақтары бесқалақты. Жемістердің массасы 20—40 кг, 1000 тҧқымның 
массасы 200—300 г. 
Бақша дақылдары - кҥшті дамып, жақсы тарамданған кіндік 
тамырлы, 
ҧзын желілі, жатаған сабақты, ірі, бҥтін, кейде тілімденген 
жапырақты 
біржылдың ӛсімдіктер. Бір ҥйлі, дара жынысты. 
Гүлдері 
ipi, диаметрі 

см, 
кейде тіпті одан да ҧлкен, сары, сарғыш, қызғылт, кейде басқа тҧсті, бірақ 
сарғыш реңді болып келеді. Гҥл серігі дҧрыс, бес бӛліктенген. Кҧлте 
жапырақшалары тӛмен жағында гҥл тостағаншасымен бірігіп кеткен. Аталық 
гҥлдері бес аталықтан, ал аналық гҥлдері ҧш (сиректеу 
4-5) 
жеміс 
жапырақшаларынан, кейде рудиментті аналықтан тҧрады. Жемістері кӛп 
ҧрықты, кӛлемі ҧлкен жидек-жеміс. Тҧқымы қос жарнақты, эндоспермсіз. 
Қоректік заттар орналасқан ірі тҧқым жарнақтарынан, болашақ сабақ пен 
жапырақ орналасқан бҧршіктен, тҧқым жарнақтары асты сабағынан және 
тамыршадан тҧрады. 
Дән қабығы - эпидермис, борпылдақ ауа толтырылған гиподерма, дән 
кабығына мықтылық беріп тҧратын қатты жасушалы және ішкі - іші ауамен 
толтырылған трахеида қабаттарынан тҧрады. 
Қарбыз дәндерінің эпидермис кабаты бір катар тҧс беріп тҧратын пигменті 
бар ӛзара бірікпеген жасушалардан тҧрады. Ал қауын дәнінде бҧл жасушалар 
жоқ, сондықтан олар тҥссіз келеді. Асқабақ дәнінде борпылдақ ауа 


толтырылған гиподерма қабаты жоқ, ал оның орнына қалың, қатты жасушалы 
қабат орналасқан.
Бақша дақылдары — ыстыққа тӛзімді ӛсімдіктер. Асқабақ қарбызбен 
салыстырғанда салқынды жақсы кӛтереді, ал ыстыққа орташа тӛзімді. 
Бақша дақылдары қуатты жапырақ беті ауданын қалыптастырады, 
осыған байланысты олардың транспирациялық коэффициенттері де жоғары: 
асқабақта — 800—850, қарбызда — 600— 650. Осыған қарамастан бақша 
дақылдары қуаңшылыққа тӛзімді ксерофиттер ӛсімдіктер қатарына жатады.
Қарбыз бен асқабақ — жылу сҧйгіш ӛсімдіктер. Қарбыздың тҧқымы 
+15—17°, ал асқабақтың тҧқымы +12—13° жылылықта ӛне бастайды, 
бозқырауға ӛте сезімтал темпертаура —1° тӛмендегенде қарбыз ӛсімдігі ӛліп 
қалады, асқабақ қатты зақымданады. Ӛсімдіктердің ӛніп-ӛсуі, сабақтар мен 
жапырақтардың дамуына қажетті ең қолайлы температура +20—22°, 
жемістердің дамуына +25—30° температура +15° болғанда ӛсімдіктердің ӛсуі 
мен дамуы тежеледі, жемістері нашар байланады және нашар ӛседі.
Бақша 
дақылдарын 
қҧнарлы, 
арамшӛптерден 
таза 
танаптарға 
орналастырады. Ең жақсы алғы дақылдар тың және тыңайғаи жерлер, 
кӛпжылдық шӛптердің қыртысы, кҥздік астық және бҧршақ тҧқымдас дәнді 
дақылдар. Бір орынға бақша дақылдарын 5—7 жылдан ерте қайтаруға 
болмайды. Бақша дақылдарына минералдық тынайтқыштардың жоғары 
нормасы кажет: азот 80—100 кг/га ә. е. з., фосфор — 100—140 кг/га, калий 
50—70 кг/га ә. е. з., олардың, 60—70 про-центі сҥдігердің астына, ал қалған 
бӛлігін дақылдарды сепкен мерзімде қатарларға және ӛсімдіктер гҥлденген 
кезеңде ҥстеп қоректендіруге пайдаланады. Бақша дақылдарына топырақты 
терең жыртады, кӛктемде тазалайды және себу алдында 1—2 рет 
культивациялайды, бір мерзімде тырмаланады. Себу алдында тҧқымды 
жылы ауада қыздырады (кҥннің кӛзі тҥсіп тҧрған жерде 3—5 тәулік бойы, 
немесе қоймада +35—38° жылумен қамтамасыз ету арқылы). Тҧқымды алдын 
ала +40° жылы суда 20 мин. уакыт ҧстап бӛрттіреді, Мҧндай тҧқымдар 8—10 
кҥннен кейін кӛктеп шығады, ал қҧрғақ тҧқымдарға — 15—25 кҥн қажет.
Бақша дақылдарының дәндерінен май алынады. 70 х 70 см қатарға ҧяға 
3-4 дәннен ӛседі. Оны пленкамен жауып топырақпен кӛмеді. Ӛсімдік ӛсе 
бастаған пленканы ойып тастап алады да сиретіп ҧяда 1-2 дәннен 
қалдырады. 
Бақша дақылдары қҧрғақшылықа тӛзімді болғандықтан олар қуаң 
аудандардың ӛзінде сапалы жақсы ӛнім бере алады. Бақша дақылдары 
кӛбіне ӛзен жағалауларында жеңіл топырақты кішкене участіктерде егіледі. 
Ауыспалы егісте бақша дақылдарын кӛп жылдық шӛптерден және
пардан кейін ексе жақсы ӛнім береді. Сонымен қатар бақша дақылдарының
ӛздері де отамалы дақыл ретінде басқа дақылдарды арам шӛптермен
тазартуда маңызы зор. Сонымен қатар бақша дақылдары кҥздік, жаздық
дақылдар ҥшін жақсы алғы дақыл болады.


Зябь жыртқаннан соң кӛктемгі егіс қҧнарлы топырақты 2-3 рет
культивациялап ӛндейді. Тҧқымды топырақ температурасы + 12+15

С
болғанда шарты ҧялап егеді.
Тҧқымды топыраққа сіңіру терендігі әр тҥрлі – қауын – қарбыз ҥшін 
гектарына 3-4 кг есебінен алынып 4-5см тереңдікке себіледі, асқабақ – 5-6 см
тереңдікте себіледі. 
Ӛсімдіктің вегетация дәуірінде егісті кеш- кӛлденең культивациялайды,
бҧл топырақты қопсытумен қатар, арам шӛптерді жояды. Ӛсімдіктің 4-5 
жапырағы шыққан кезде сирексітіп, әрбір щҧңқырға 1-2 ӛсімдіктен
қалдыру керек.
Кейінгі кезенде бақша дақылдарын кӛшеттер арқылы ӛсіруде Бҧл
тҧқымнан ӛсірудегіден 15-20 кҥн ерте піседі. Бақшаны пісуіне қарай әрбір 2-3 
кҥнде жинап отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет