Алғы дақылы.
Жаздық сиыржоңышқаны кӛк шӛпке шабуға ӛсіргенде,
ерте жиналып алынатын дәнді және басқа дақылдардан кейін, ал тҧқым алу
ҥшін отамалы дақылдардан кейін егеді. Бірақ сабағының ӛте нәзік
жапырылғыштығына қарай шӛпке ӛсіргенде кӛбінесе сҧлымен, арпамен,
кҥнбағыспен және басқа дақылдармен бірге егеді. Осылаша араластырылып
себілген егістік топырақты арамшӛптерден жақсы тазалап, биологиялық азот
жинауына байланысты сиыржоңышқаның агротехникалық маңызы арта тҥседі.
Топырақты әзірлеп баптау жҧмысы ерте себілетін дәнді дақылдармен бірдей.
Тыңайтқыштары.
Сиыржоңышқаны парға еккенде оның әр гектарына 20
– 25 т органикалық және P60 К60 минералды тыңайтқыштарын сіңіру нәтижелі
болады. Ал кҥрделі тыңайтқыштарды – нитрофос, аммофос, диаммофос
қолдану, әр гектардан қосымша 15 –20 ц шӛп және 2,5 – 3,5 ц протеин алуды
қамтамасыз етеді.
Тұқым себу.
Іріктеліп, таңдалған тҧқымды себер алдында нитрагин және
молибднмен ӛңдейді. Ерте себілетін дақылдармен бірге егілетін сиыржоңышқа
кӛктей шабуға арналса, қандай да шаруашылықта болмасын қолайоы уақытта
себіледі. Астықты дақылдармен қоса себу кең тарағандықтан, әр гектарға қара
топырақсыз аймақта 110 – 113 кг сиыржоңышқа, 56 – 60 кг сҧлы, Орталық
Қара топырақты аймақта 120 –140 кгсиыржоңышқа, 50 кг сҧлы, Сібірде 100 –
130 кг сиыржоңышқа60 – 90 кг сҧлы себіледі. Кей жағдайда сиыржоңышқаны
арпамен, ақ қышамен (әр гектарға 7 – 8 кг) қоса сеуіп, тҧқымын 3 –5 см
тереңдікке сіңіреді.
Жапырақтары тығыз ӛсетіндіктен, егістікте арамшӛп болмайды да, кӛп кҥтімді
қажетсінбейді.
Күздік сиыр жоңышқа Халық шаруашылық маңызы.
Бҧл ӛте қҧнарлы
мал азығы. Гҥлдеуі кезінде кӛктей шабылғанда қҧрамында 16-20%
қорытылатын протени, 18-20% азотсыз экстракт заттар болады. Кҥздік
сиыржоңышқа еліміздің Белоруссия, Украина, Молдавия, Балтық бойы, Орта
Азия республикаларында, Солтҥстік Кавказ аймақтарында ӛсіріледі. Әр
гектардан 200-250 ц кӛк шӛп массасын, қарабидаймен қоса себілгенде 10-12 ц
сиыржоңышқа, 20-25 ц қара бидай тҧқымын алады.
Кҥздік немесе тҥкті сиыржоңышқа (Vіcіa Vіllosa) кіндік тамырлы, тҥкті,
жіңішке сабақты, жатып қалуға икемді ӛсімдік. Жапырақтарының ҧшы мҧртты,
6-10 тҥп жапырақшалардан қҧралады. Гҥлдері ашық кӛкшіл, қоңыр жасыл
тҥсті айқас тозаңданады. Тҧқымы дӛңгелек, қара немесе қоңыр, 1000
тҧқымының салмағы 20-30 грамм.
Өсіру ерекшеліктері.
Кӛк шӛп массасына шабуға арналған кҥздік
сиыржоңышқаны қарабидаймен қосып парға, ал оңтҥстік аудандарда кҥздік
дақылдарды жинаған соң солардың орнына егеді. Тҧқым алуға арналғандарын
отамалы дақылдардан кейін себеді. Кҥздік сиыржоңышқаның әр гектар
егістігіне 20-30 т органикалық және Р
60
К
60
минералды тыңайтқыштарын береді.
Алдымен қарабидайдан 15 кҥн бҧрын сиыржоңышқа тҧқымы, ол кӛктеп
шыққаннан кейін қарабидай тҧқымы себіледі. Кей жерлерде кҥздік
сиыржоңышқаны кҥздік рапспен бірге себеді, бҧл жағдайда қарабидаймен қоса
себілгеннен гӛрі 10-12 кҥн бҧрын алынатын кӛк шӛп ӛсіруге мҥмкіншілік
туады.
Қаратопырақсыз аймақта әр гектарға 100 кг сиыржоңышқа, 60 кг
қарабидай, Украинада әрқайсысынан 60 кг Солтҥстік Кавказда 80 кг себеді.
Сиыржоңышқа мен қарабидайды қосып еккенде жоңышқа гҥлдеуінің
алдында кӛк шӛпке, тӛменгі бҧршақтары қоңырлана бастағанда тҧқымға,
бҧршақтарының 75-80% піскенде бӛлектеп немесе тікелей жинау әдістерімен
жинайды. Жиналған тҧқым қара бидайдан іріктеліп алынып, ылғалдылығы 15%
жеткізілгенде қоймаға қҧйылады.
Сиыржоңышқаның сорттары:Льговская 31-292
сортын Льгов селекция
станциясында шығарған. Иммакуляттық тҥр бӛлігіне жатады. Сабағының
жуандығы орташа, сынғыш емес, жағдайына қарай биіктігі 50-65 см. Негізгі
бҧтақтары жақсы дамыған. Жапырағаның кӛптігі 45-50%, жапырақтары 6-7-ден
топталып сирек орналасқан. Бҧрыштарының формасы имек, ішінде 7-9 тҧқымы
болады. Тҧқымы домалақ, аздап қабысқан пішінді, тҥсі ашық қоңыр, кӛгілдір
реңді.
Сорт орташа мерзімде 75-98 кҥнде пісіп жетіледі. Кӛктемде баяу ӛседі.
Ӛсімдігінің мықтап ӛсуі гҥлденер алдында басталады. Қуаңшылыққа
тӛзімділігі орташа, жазғы жауын-шашынды жақсы пайдаланады. Сорт ӛнімді.
Шығыс Қазақстан облысы Зырян сорт сынау учаскесінде оның тӛрт жыл
ішіндегі орташа ӛнімі: кӛк шӛптен гектарына 132,4-140,7 ц, пішеннен 29,7-33,3
ц, сиыржоңышқа – таза ӛзінен дәні 8,7-9,5 ц болды.
Семей облысының Жарма сорт сынау суармалы учаскесіндегі
сиыржоңышқа – сҧлы қоспасынан гектарына 290-310 ц кӛк шӛп, 72,5-79,7 ц
пішен, 37,8-40,7 ц тҧқым алынды. Сиыржоңышқаны таза кҥйінде еккенде,
оның тҧқым ӛнімі гектарына 39,5 ц., ал ҥш жыл ішіндегі оның орташа ӛнімі
гектарына 20,7 ц болды. Сорт Шығыс Қазақстан, Семей облыстарына
аудандастырылған.
Богородицкая 800.
Сорт Курск облысының Богородицк тәжірибе
танабында, жергілікті тҥрден (популяциядан) ӛсіріліп шығарылған.
Иммакуляттық тҥр бӛлігіне жатады. Сабағының жуандығы орташа, жапырағы
мен бҧтақтары едәуір кӛп. Мол пішен ӛнімін береді. Бҧршақтары ірі
(ҧзындығы 65 мм, ені 10 мм), аздап имек келеді. Бҧршағындағы тҧқымының
саны 8-9 болады. Тҧқымы ірі: 1000 тҧқымының салмағы 48-55 г жҧмыр, аздап
қысыңқы келеді. Тҥгі ақшыл алқызыл немесе мӛлдір болады.
Сорт ерте піседі, ерте гҥлдейді. Ӛсіп-жетілу кезеңінің ҧзақтығы 80-85
кҥн. Қуаңшылыққа тӛзімділігі жағынан Льговская 31-292 сортынан асып
тҥседі. Татқа шамалы шалдығады, аскохитнос және фузариоз ауруларына
шалдыққыштығы орташа. Сорт мол ӛнімді келеді. Талдықорған сорт сынау
суармалы учаскесінде сҧлымен қосып еккендегі кӛк шӛбінің тӛрт жылғы
орташа ӛнімі гектарынан 243-265 ц, пішенінің ӛнімі 82-90 ц, соңғы жылдардың
ішінде сиыржоңышқаның таза тҧқым ӛнімі 11,7-13,3 ц болды. Сорт
Талдықорған облысының Жоңғар Алатауының суармалы аймағында
аудандастырылған.
Степная 791.
Сорт Степной тәжірибе станциясында Бҥкілодақтық
ӛсімдік шаруашылығы институтының 791 ц ҥлгісінен ӛсіріліп шығарылған.
Иммакуляттық тҥр бӛлігіне жатады. Сабағы жіңішке, аласа, 36-45 см,
жапырағы мен бҧтағының саны орташа, бҧршағы аздап имек формалы,
бҥртікті болады, бҧршағындағы тҧқымның саны 6-7. Тҧқымы жҧмыр, аздап
қысыңқы ірі, 1000 дәнінің салмағы 60-65 г. Тҧқымының тҥсі ақшыл
қызғылттау, ақ.
Сорт тез піседі. Льговская 31-292 сортынан 4-6 кҥн ерте гҥлдеп, ерте
піседі.
Солтҥстік Қазақстан облысы Совет сорт сынау учаскесінде
сиыржоңышқаның бҧл сортын сҧлымен қосып еккенде гектарынан 120-135 ц
кӛк шӛп, 45,8-57,3 ц пішен алынды. Соңғы жылдары Петропавл сорт сынау
учаскесінде сиыржоңышқаның бҧл сортының таза егілген егісінің әр
гектарынан 21-25 ц тҧқым алынды. Сорт Солтҥстік Қазақстан облысында
аудандастырылған.
Шабдар немесе персі бедесі
(Frіfolіum resupіnaum) қызғылт тҥсті гҥлі
бар, тек Орта Азия мен Кҥнгей Кавказдың суармалы егістіктерінде егілетін бір
жылдық шӛп. Одан ӛте қҧнарлы қҧрамында 18% протеині бар, әр гектардан
60-100 ц мӛлшерінде пішен және сапалы бал алынады.
Шабдарды ӛте ерте кӛктемде немесе аңызға себеді. Әр гектарға 15 кг
тҧқым 2 см тереңдікке сіңіріледі. Пішенге гҥлдеуі басталған кезінде шабады.
Бҧл шӛп кҥтіп-баптауына байланысты қайта ӛскіш келеді, сондықтан оны
жылына 3-4 шабады.
Шӛптің бас бҥршігінің 70-80% қоңырланғанда бӛлектеп немесе тікелей
комбайнмен тҧқымға жинайды.
Қызыл гүл беде (tr. іncarnatum)
ӛте қалың, жҧмсақ тҥктермен қапталған
жылы және дымқыл сҥйгіш бір жылдық ӛсімдік. Гҥлдері ашық қызыл. Гҥл
шоғы – ірі, ҧзынша, ҧшы сҥйір конус тәрізді шашақ. Оны ауа райы жҧмсақ,
жылы аудандарда таза ӛзін немесе қара бидаймен, кҥздік сиыржоңышқамен
бірге себеді. Ерте кӛктемде ӛте қҧнарлы мал азығын беретіндіктен, кейде
сиреген кӛп жылдық шӛптер егістіктерін толықтыру ҥшін, бау-бақшаның,
отамалы дақылдардың қатараралықтарына да себеді. Кӛктей шабылған қызыл
гҥл беденің шӛбі малдың ішін кептірмейді, бҧл ерекшелігі дақылдың
артықшылығына жатады.
Кҥзде себілгенде әр гектардан 45-50 ц, кӛктемде себілгенде 25-35 ц шӛп,
3-5 ц тҧқым алынады. Украинаның батыс облыстарында, Кҥнгей Кавказда,
Кавказдың Қара теңіз жағалауында қыс алдында, кҥздің аяғында егілсе,
орталық және оңтҥстік аудандарда тек кӛктемде себіледі. Тамыр жҥйесі кҥшті
тарамдалған кіндікті келеді. Сабағы тік жуан, бҧтақтанады, қабағында жҧмсақ
тҥктері бар, биіктігі 45-60 см жетеді. Жапырақтары ірі, ҧзынша жҧмыртқа
тәріздес, сыртын тҥк басқан, кҥрделі ҥш бӛлік жапырақшадан тҧрады. Тҧқымы
бӛтеке тәрізді, қызыл сары тҥсті, ҧсақ, 1000 данасының салмағы 3,0-3,5 г.
Бҧл дақыл жылу сҥйгіш болғандықтан тек жҧмсақ, дымқылды жерлерде
ӛседі. Қҧнарлы саздақ топырақты ҧнатады.
Кҥзде егілгенде мол ӛнім береді. Кӛктей шабылуға арналғанда әр
гектарға 30-40 кг, тҧқымға арналғанда 20-35 кг тҧқым себіледі, артынан
топырақ нығыздалады.
Кӛбінесе бір рет шабылады, ал жақсы бапталған егістікте екі рет шабуға
да болады. Шабуды ӛте тӛмен жҥргізеді, артынан мал жаюға болмайды.
Тҧқымға бас гҥл бҥршігі қоңырланғанда шабылады.
Достарыңызбен бөлісу: |