«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»


Асқабақтың негізгі тҥрлерін ажырату



Pdf көрінісі
бет161/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

 
Асқабақтың негізгі тҥрлерін ажырату
. Асқабақ Cucurbita L. туыстығына 
жатады. Асқабақ туыстығының 27 тҥрі анықталған, оның ішінде алтауы 
мәдени. Біздің елімізде ӛсірілетін асқабақ сорттары ҥш тҥрге жатады: 
1.
Қатты қабықты немесе кәдімгі асқабақ - Cucurbita реро. 
2.
Ірі жемісті асқабақ - Cucurbita maxima. 
3. Мускатты асқабақ- Cucurbita moschata
Бақша өсімдіктерінің негізгі сорттары мен түрлері. 
Гибрид тҥрінде 
егіліп жҧрген қарбыздар басқа сорттардың ӛніміне қарағанда артық ӛнім 
береді. Бҧлардың ішінде Қазақстанның суармалы, суарылмай егілетін 
егістіктерінде 
Стокс 
647/649, 
Скороспелка 
Семипалатинская, 
Семипалатинский, Багаев Мурашка 747/749 , Бирючекутскі 775, Мелитополь 
142, 143, Роза Юго-Восток, Десерт 83, Мурашка Камишинский, Туман 127 
сорттары егіледі. Гибридтен КазЖенПИ 1, КазЖенПИ 2, КазЖенПИ 3 деп 
аталатын тҧрлері 1971 жылдан бастап егіле бастады.
Бау-бақша өсірудің агротехникасы.
Бақша дақылдарының шінде қарбыз 
егістік жердің уақытылы дайындалып, қҧнарлы болғанын қажет етеді. Қарбыз 
егілетін егістік жер екі тҥрлі жолмен кҥзде немесе кӛктемде дайындалады. 
Егістік жерді кҥзде дайындау пайдалы, егістік жер кҥзде 25-30 см тереңдікте 
зябьке жыртылады. Онан кейін, кӛктемде дискілі лущильникпен немесе тырма, 
культиватор жҥргізіп қатты тоң кесегі майдаланады. Кҥзде жыртылғаннан 
кейін егістік жердің бетін тегістеу жҧмыстарын қарбыз тҧқымын себуге 1-2 
кҥн қалғанда дайындаған дҧрыс, себебі соңында шыққан арамшӛптерді жоюға 
пайдалы. Ерте босатылып дайындалса, арамшӛп шығып кетеді де, қайта еңбек 
етуді керек етеді. Егістік жердің терең жыртылуы қарбыз ӛнімі мен жемісінің 
сапалы болуына тікелей әсер етеді.
Қарбыз тҧқымының ірі ҧсақтылығына қарай, қолданған агротехникаға 
байланысты бір гектар жерге әртҥрлі мӛлшерде тҧқым себіледі. Ірі тҧқымнан 
бір гектарға 4-5 кг майда тҧқымнан 1,2 –2,5 кг себілгенде ӛнгіштік проценті 95-
тен кем болмауы керек. Егістік жерге тҧқым 4-6 см тереңдікте тасталады. 
Терең, тайыз себілуі сол кездегі топырақтың ылғалдылығына байланысты. 
Егілген дақылға кҥтім болмаса ӛспейді, ӛнім бермейді. Кҥтімнің белгілі бір 
кезеңдері болады. Сол кезде ӛткізіп алмай уақытысында пайдалана білу негізгі 
міндет. Қарбыз егілгенен бастап жинап алғанға дейін кҥтімді керек етеді. Кҥту 
жҧмыстары жергілікті жердің ауа райына, топырағына байланысты 
органикалық, минералды тыңайтқыштар шашылыпт кҥту жҧмыстары 
жҥргізіледі.
Қазіргі кезде ауылшаруашылық ӛсімдіктері ауыспалы егістік бойынша 
егіледі.Жыл сайын егілетін ӛсімдіктердің ӛнімділігін арттырумен қатар, зиянды 
қҧрт-қҧмырсқаларды жою, егістік жердің қҧнарын молайту мақсатында 
ауыстырып отырады. Қарбыз егілетін егістік жерге кӛкӛністік ауыспалы 
егістікті пайдалану тиімді. Алғы дақыл ретінде картоп, капустаны пайдалануға 


болады. Қарбыз бір орынға 3-4 жыл қатарынан егілсе, ӛнімі тӛмендеумен 
қатар, әртҥрлі ауруға ҧшырайды. 
Қарбыз ӛсімдігі топырақ және ауа райына қарай әртҥрлі мӛлшерде суды 
қажет етеді. 
Бақша дақылдарының ішінде қарбыз бороздамен суарылу 
керек. Су қарбызға кӛп берілмей жеткілікті тҥрде беріліп тҧрса ӛсуі жақсарады. 
Жаз бойы 6-13 рет суаруға болады.
Қарбыз сабақтану, гҥлдену, алғашқы тҥйнегінің пайда болу кезінде суды 
кӛбірек керек етеді.Осы кезде су жетімсіз болса сабақ ҧзындығы мен гҥл саны 
ӛсу жағынан азаяды.. Алматы облысында егілетін қарбызды 4-6 рет суарып, 
Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Ақтӛбе облысының жерлерінде 9-12 
суарғанда 6000-11000 текше метрге дейін су беріледі. 
Қарбызды суару егістік жердегі борозда аралығындағы топырақтың 1-
30 см тереңдікке дейінгі ылғалдылығының кӛп аздығына байланысты. 
Топырақ қабатының ылғалдылығы 75-80 ℅ болса, бороздамен суару керек. 
Минералдық тыңайтқыштарды егістік жерге тҧқым себілер алдында 
немесе жер бетіне ӛнім шыққаннан кейін, ӛсімдік тҥбінен 15-30 см 
қашықтықта, әртҥрлі тереңдікте пайдаланса, соншалықты пайдалы болады. 
Азотты тыңайтқыш вегететивтік даму кезінде қарбыз тамырының мықты 
болып ӛсуін, гҥлдеуін, тҥйнектеуін жақсартады. Жеке берілген фосфорлы 
тыңайтқыштар тамырдың еркін жайылып ӛсуіне, ерте гҥлдеуіне, аналық гҥлдің 
кӛбірек пайда болуына жақсы әсер етеді. Егістікке тӛгілетін кӛңнің тең 
жартысы егістікті зябьке жыртқанда немесе зябьке айдалған жерге культиватор 
жҥргізілгенде қолданылады. Ал қалған кӛңнің жартысы тҧқым себілген кезде 
әрбір ҧя тҥбіне, сондағы топырақпен араластырып тасталады. Мҧндай 
жағдайда жылқы қиын пайдаланған дҧрыс. Жылқының қиы тҧқымды кӛктем 
кезіндегі ауаның қолайсыз жағдайларынан сақтап жер бетіне тез кӛктеп 
шығуына септігін тигізеді. Тҧқым сепкен кезде әр ҧяға 0,5 кг кӛң пайдаланған 
айтарлықтай нәтиже береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет