шабылып, дестеде жатып кепкеннен кейін сақтау орнына тасылады. Ауа райы
жаңбырлы болғанда шӛпті арнаулы орындарда желдеткіштер арқылы кептіреді.
Тұқымдық бедені өсіру ерекшеліктері.
Кӛп жылдық шӛптердің тҧқымын
маманданған шаруашылықтарда ӛсіріледі. Қыста суыққа тӛзімді және ӛнімі
жоғары болу ҥшін, кҥзде беде гістігі фосфор калийлі тыңайтқыштармен
қоректендіріледі (Р40К40, ол әр гектардан 0,7-1,2 ц қосымша тҧқым алуды
қамтамасыз етеді. Сабақтана бастағанда 400 л суға ерітілген 100-200 г
молибден қышқылды аммониймен қоректендіреді. Кӛктемде әр гектарға 2 кг
әсерлі заты бар бор сіңіру, тозаңдануының толық жҥруі ҥшін әр гектарға 4-5
ара семьясын шығару, беде тҧқымынан мол ӛнім алудың кӛзі.
Тҧқымдық
беде
шашақбасы
90-95%
қоңырланғанда
астық
комбайындарымен тікелей жиналады. Астық тҧқымдас ӛсімідіктермен қоса
себілгенде, алдымен астықты дақылдарды, 15-20 кҥн ӛткеннен кейін беде
жиналады. Жиналған беде тҧқымын ОВА-1, «Петус-Гигантң К-53
машиналарында немесе СМ-4, КОС-0,5 тҧқым тазалағыштарынан ӛткізіп,
дымқылдылығын 13% жеткенше кептіреді.
Жоңышқа. Халық шаруашылықтық маңызы.
Жоңышқа (люцерна) ӛнімі
мол, белокты кӛп жылдық ӛсімдік. Кӛктей шабылған шӛп қҧрамында 20%,
пішенінде 28% протеин, 100 кг кӛк шӛбінде 17, пішенінде 53,4 азық ӛлшемі
болады. Олардан басқа кӛптеген витаминдер, минералды тҧздар оның мал
азықтық қасиетін жоғарылата тҥседі.
Жоңышқаның мәдени жайылымдар жасауда да маңызы зор. Суармалы
жерлерде жоңышқа 5-7 шабылғанда, әр гектардан 700-1000 ц кӛк шӛп немесе
150-200 пішен береді. Жоңышқа мақтаға тағы басқа дәнді дақылдарға жақсы
алғы дақыл. Мақта – жоңышқа ауыспалы егісі мақта ӛнімінің артуына, талшық
сапасының жақсаруына, тҥрлі мақта ауруының азаюына қолайлы жағдай
жасайды. Тамырының ӛте кҥшті дамуына байланысты жоңышқа топырақтың
беткі қабатындағы тҧздарды азайтып, сортаңдануына жол бермейді.
Себілген жерінің әр гектарына жоңышқа тамырымен және сабағымен
бірге 100-150 кг азот қалдырады, ол осы жерге 30-40 т кӛң немесе 4-5 ц азотты
тыңайтқыш бергенмен тең. Орта Азияның суармалы жерлеріне 3 жыл
қатарынан ӛскен жоңышқа әр гектарға 350-400 кг азот жинайды. Жоңышқа
ӛсіретін негізгі аудандарға – Орта Азия, Кҥнгей Кавказ республикалары,
Солтҥстік Кавказ, Украина, Молдавия, Еділ бойы жатады. Сібірде жоңышқа
егісі жылдан-жылға ҧлғаюда.
Достарыңызбен бөлісу: