ҧрықтандырудан қалған саулықтарды ірріктеп алу ҥшін бҧл байқаушы
қошқарларды жібереді. Қайталап қашыру ҥшін саулықтарды іріктеп алып
отырады. Қашырылған әрбір саулықты бояумен белгілейді. Ҧрықтандыру
немесе қолдан шағылыстыру басталғаннан 40 кҥннен кейін саулықтарды ӛз
бетімен қосымша шағылыстыру ҥшін отарға 20 кҥнге қошқарлар жіберіледі.
Бҧл ҥшін саулықтардың отары 100-150 бастан топқа бӛлінеді. Шағылыстыру
мерзімінің ҧзақтығы 40 кҥннен аспауға тиіс. Бҧл кезде егер саулық алғашқы
кҥйлеуде ҧрықтандырылмаса, онда екінші рет кҥйлеуі ықтимал, ӛйткені мҧның
ӛзі қой қоздатудың ҧзаққа созылуына әкеп соғады.
Егер кҥйек алу кезінде саулықтар оты нашар жайыламдарға бағылса және
ҥстеп азық берілмесе, қолдан ҧрықтандыруды 17-20 кҥнде ӛткізуге болады,
содан кейін қашпаған саулықтарды қашыру ҥшін отарға қошқарлар жіберіледі.
Кҥйек алу кезінде саулықтардың отарын ҧрықтандыру пункті жанындағы
жақсы жайылымдарды жаю керек. Қолда бақанда саулықтарды пішенмен, ал
кҥйі нашар саулықтарды жеммен ҥстеп азықтандырады.
Шағылыстыру маусымы кезінде қошқарларды шағылыстыратын
орынға жақын жерге жаяды. Оты нашар жайылымдарда оларды жақсы
пішенмен және жеммен ҥстеп азықандырады. Қолда баққанда қошқарларды
топ-тобымен жеке шағын отарларда ҧстап бағады.
Шағылыстыру
науқанының
бірқалыпты
барысында
және
шағылыстыруды дҧрыс ҧйымдастырғанда алғашқы 15 кҥнде отардағы
саулықтардың 75 процентіне дейінгісі шағылыстыруға тиіс. Егер осы кезде
саулықтардың жартысы да қашырылмаған болса, онда шағылыстыру
науқанының бірқалыпты жҥруіне бӛгет жасайтын себептерді анықтау керек.
Достарыңызбен бөлісу: