«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет178/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

Қысыр қалуға қарсы күрес.
Кҥйек алуға жақсы даярланған саулықтардың 
отарында қысыр қалушыық тіпті болмайды. Шағылыстырар алдында қоңсыз 
болса, кҥйлеуін анықтау қалай болса солай жҥргізілсе, сапасыз ҧрықпен қалай 
болса солай ҧрықтандырылса, ӛз бетімен қашыру ҥшін ҧрығы тексерілмеген 
қошқарлар пайдаланылса саулықтар қысыр қалады. Осы себептердің бәрін 
болдырмау, қой отарын сапасы жоғары қажетті қошқарлармен қамтамасыз ету 
қысыр қалушылықты толық жояды. 
Озаттардың тәжірибесінде қысыр қалушылықты азайту және малдың 
тӛлдегіштігін арттыру ісі бір кҥйлеудің ӛзінде ғана саулықтарды екі рет 
ҧрықтандыруды қолданумен қамтамасыз етілетіні дәлелденген. Саулықтарды 
бірінші ҧрықтандырудан кейін 24 сағат ӛткен соң екінші рет ҧрықтандырады. 
Буаз саулықтарды азықтандыру және кутіп бағу.
Саулықтардың 
тҧқымына және олардың азықтандырылуына байланысты буаз кезінде енесінің 
қҧрсағындағы тӛлінің салмағы 3 килограмнан 5 килограмға дейін жетеді. Буаз 
саулықтарды азықтандыру ісі тӛлдің бірқалыпты ӛсуін және жақсы ӛскен, ірі 
қозылар 
алуды, 
саулықтардың 
сҥт 
болуын 
және 
салмағының 
қанағаттанарлықтай болуын, сол сияқты сапасы жақсы жҥннің барынша кӛп 
ӛсуін қамтамасыз етуге тиіс. Қыста саулықтарды шалағай азықтандыру тірілей 


салмағына және тӛлдің сапасына әсер етумен бірге, жҥннің жаман болуына да 
(―қылдырық‖, ―ірімтік‖ болуына) әсерін тигізеді. Саулықтарды қоздату кезінде 
қоңы жақсы болуы ҥшін бҥкіл қыс бойы азықты дҧрыс жҧмсау керек, кҥйсіз 
саулықтарды жеммен, жақсы пішенмен ҥстеп азықтандыру ҥшін бӛлек іріктеп 
алып отыру керек. 
Буаздығының екінші кезеңінен бастап, ҧрықтың 
(тӛлдің), ерекше тез ӛсетін кезінде белокты азықтарды беруді кҥшейту керек. 
Қоңы тӛмендеп бара жатқан саулықтарға жемазық береді. Буаздығының 
бҧл 
кезеңінде жақсы рацион мына тӛмендегідей болады: қырлық пішен 1,1-1,3 
килограмм, бҧршақтҧқымдас пішен болмаған жағдайда қырлық пішенді 1,6-2 
килограмға дейін, жемді-0,3-0,5 килограмға дейін кӛбейтіп береді. 
Тҧқымдық фермаларда жем азықты буаз саулықтардың бәріне беру керек 
болады. 
Буаздылығының соңғы екі айында рационнан сабанды шығарып 
тастайды. Оның орнына неғҧрлым жҧғымды, жақсы жиналған дәнді және 
бҧршақтҧқымдас пішен, сҥр азық береді. Жемазықты кӛбейтіп береді. 
Саулықтар рационының қажетті бӛлігі минерал заттардан қҧралады. 
Минерал тҧздарының жеткіліксіздігі тӛлдің рахитпен ауруына, оның сҥйегінің 
жасық болуына, ӛспей қалуына, ал сақа малдардың сҥйегінің балбыр болуына 
әкеліп соғады. Буаз және қозысын емізетін саулықтардың рациондарда 
минерал тҧздарының кемістігі тӛлдің шалағай ӛсуіне әкеліп соғады. 
Астықтҧқымдас және бҧршақтҧқымдас пішен араласқан кӛк азықта, сапасы 
жақсы пішенде, әсіресе бҧршақтҧқымдас пішен араласқан кӛк азықта, сапасы 
жақсы пішенде, әсіресе бҧршақтҧқымдас пішенде қой ҥшін қажетті минерал 
заттары (ас тҧзынан басқа) жеткілікті болады. Алайда буаз саулықтардың 
минерал қоректі кӛк керексінуі себепті қоздауына кемінде бір ай қалғанда 
азықпен бірге, оларға бор, сҥйек ҧнын қосымша беріп отырған жӛн. Борды 
жеммен бірге ҧнтақтаған кҥйде береді. Тҧзды жалату арқылы малға қыс бойы 
тілегенше беріп отырады немесе ҧсақ тҧзды әрбір малға кҥніне 8-10 грамм 
есебінен салып-қосып беру керек. 
Қойларды тынышсыздандыратын барлық жҧмыстар: тҧяғын тазарту, 
қыйды ойып алу, кӛзінің және желінің айналасындағы жҥнді қырқу тағы 
басқаларды қоздауына бір ай қалғанда аяқталуға тиіс. 
Қыс бойы саулықтарды суық тюден сақтау керек. Буаз саулықтарды 
мҧздақта, қатты суықта, қырауыт шықта жоюға болмайды. 
Малды қҧдық жанындағы астаудан суару керек; суаруға дейін және 
суарудан кейін қойларға пішен беріледі. Саулықтардың тайғанап қҧлап және 
зақымданып қалмауы ҥшін қҧдық жанында қатып қалған мҧзды ойып тастау 
керек. 
Қысқа жайып баққанда мал азығының қоры болуға тиіс, суық кҥндері, 
ауа райы қолайсыз кҥндері (қар жауу, боран) қойларды ӛрістетпеу керек. 
Қыстыгҥні жайылымға шығармастан бҧрын, қойларға қолдан қосымша пішен 
беру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет