жағдайда, 9-10 айлығында қашыруға болады. Тҧқымдық фермаларда биязы
жҥнді тҧсақтарды алғаш рет қашыруға 2,5 жылдығында жіберуге болады.
Қашырудың мерзімі
шаруашылықты қой қоздатудың қабылданған
уақытына байланысты белгіленеді. Солтҥстік аудандарда әдетте саулықтар
қаңтар-ақпан айларында қоздатылады, тамыз-қыркҥиек айында қашырылады,
ал оңтҥстік аудандарда кӛктемгі қой қоздату сәуір-мамыр, айларында ӛте жиі
қолданылады, қараша-желтоқсанда қашырылады.
Сол сияқты оңтҥстік аудандарда және солтҥстікте қой қоздатуды қысқа
және ерте кӛктемге кӛшіру және қозыларды қаңтар-наурызда қабылдау ҥшін
саулықтарды тамыз-қыркҥйек айларында қашыру қажет. Қысқы және ерте
кӛктемгі қоздатуда саулықтардың тӛлдегіштігі артады. Ерте қоздаған
қойлардың қозылары жайылымға шығаруға дейін оттығып қалады, суық
тимейді, ауруға шалдықпайды, қыс маусымына дейін жақсы ӛсіп жетіледі. Ерте
қоздату ҥшін кең, таза, жарық қой қоралары мен ҥйшіктер, жеткілікті тҥрде
мал азығы болуы тиіс.
Саулықтарды шағылыстыруға
әзірлеу оларды қозыны айырған кезден
басталуға тиіс. Қозыларды енесіне айырғанда саулықтарды малдәрігерлік
қараудан ӛткізеді. Қотырмен, бруцеллезбен, желінсаумен ауырған, ақсақ тағы
басқа аурулармен емдеу ҥшін жеке отарға бӛлінеді. Кәрі саулықтарды
жарамсыздыққа шығарып, семіртуге қояды. Шағылыстыруға тҥсетін таза
саулықтар мен тҧсақтардан жеке отарлар қҧрылады.
Дені таза берік тӛл алу ҥшін шағылыстыруға тҥсетін барлық
саулықтарды жақсарту керек. Шағылыстырудан бҧрын және шағылыстыру
кезеңінде саулықтардың кҥшін арттыру ҥшін оларды сулы және витаминді
азықпен қамтамасыз ету, қой шаруашылығының иелері кҥйек алудан бҧрын 1-
1,5 ай бҧрын саулықтар отарын жайылымдарға кӛшіреді. Саулықтар
тӛлдегіштігін арттыру ҥшін Қазақстанның далалық аймағында қарашадағы
шағылыстыруда 100 саулыққа 8-10 гектар табиғи жайылым және егіні
жыйналған 7-15 гектар кҥздік арпаның аңызын немесе 10-15 гектар беденің
орнын пайдалану ҧсынылады. Егер шағыстыру малды қолда баққан кезде
жҥргізілсе, онда саулықтар ҥшін жақсы жыйналған (гҥлдену кезінде ), әсіресе
бҧршақ тҧқымдас пішен қалдырылуы керек. Бҧл пішенді саулықтарға
шағылыстыруға 3-4 апта қалғанда, сондай-ақ шағылыстыру кезінде беру керек,
сол сияқты қоңлылығы тӛмен саулықтарға сҥрлем немесе жемазық қосымша
жегізу керек. Саулықтарға тҧзды тілегенінше жалату қажет.
Достарыңызбен бөлісу: