Сиырлар кҥйлеуі анықталған кҥні-ақ қашырылады. Егер кҥйлеу кешке
жақын білінсе, онда сиырды келесі кҥні таңертең қашыру керек:
сиырды екі
рет қашырады: бірінші рет кҥйлеуі басталған соң 12-18 сғаттан кейін,
екіншісі- бірінші қашырудан соң 10-12 сағаттан кейін сол бҧқамен
шағылыстыру ӛте-мӛте жақсы нәтиже береді.
Шағылыстырудан кейін 30-40 кҥн бойы кҥйлемей жҥрсе, ол сиырдың
тоқтағандығының белгісі. Сиырлардың бҧзау кезінің ҧзақтығы орта есеппен
285 кҥнге тең. Сиырлар мен қашарлардың бҧзаулығын анықтау ҥшін
шағылыстырудан соң екі ай ӛткеннен кейін олардың тік ішегі арқылы зерттеу
керек. Мҧны мал дәрігерлері немесе зоотехниктер яғни содай-ақ арнаулы
даярлықтан ӛткен ферма қызметкерлері істей алады. Бҧзаулағаннан кейін бір-
екі ай бойы кҥйлемей жҥрген, сол сияқты бірінші рет қашырылып, бірақ
ҧрықтанбаған сиырларды мал дәрігеріне немесе фельдшерге кӛрсету керек.
Әдетте бҧзау сиырлары кҥйлемейді: тек кейде бҧзаулығының 5-6 айлығында
ғана жалған кҥйлеу пайда болады.
Барлық сиырларды шағылысуы жасына жеткен
қашарларды дер кезінде
қашыру ҥшін әрбір фермада шағылыстыру жоспары жасалуы тиіс. Бҧл ҥшін
сиырлардың қашырылуының мӛлшерлі мерзімдерін анықтай отырып, әрбір
айда қанша сиыр бҧзаулайтынын белгілейді, шағылысу жасына жеткен
қашарлардың қанша екенін анықтайды. Сиырлар мен қашарлардың қашу
мерзімдерін жобалай отырып, шағылыстыру жоспарын жасайды.
Егер шаруашылықта бірнеше бҧқа болса, шағылыстыру ҥшін олардың
әрқайсысына белгілі сиырлар мен қашарларды бекітіп береді, бҧл жҧмыс
зоотехниктің нҧсқауы бойынша жҥргізіледі.
Қолдан шағылыстыру
. Бҧқаларды тҧқымдық жағынан пайдалану ісінде
оларды дҧрыс азықтандырудын аса зор маңызы бар. Шағылыстыруға жақсы
даяр етілген тҧқымдық бҧқаның дені сау, сергек, кҥйі ортадан жоғары болуға
тіиіс, семіріп кеткен немесе
кҥйі ортадан тӛмен бҧқа бір қалыпты жҧмыс істей
алмайды, ол самарқау келеді және сапасыз ҧрық береді.
Бҧқаларға арналған рациондарды олардың тірілей салмағына және
шағылысуға пайдалану дәрежесіне қарай жасайды.
Бҧқаның рационы бҧршақ астық тҧқымдас жақсы пішеннен, сҥрленген
және сапасы жақсы тамыр жемісті ӛсімдіктен, жем азықтар қосындысынан,
тҧздан, кальций мен фосфоры бар минерал қоректерден қҧралуға тиіс Тәулікте
берілетін азықта сіңімді белоктің, минерал заттар мен витаминдердің мӛлшері
жеткілікті болуын ескеру керек. Жем азықтардың қоспасы сҧлыдан, тарыдан,
кебектен, кҥнжарадан, дәнді-бҧршақ тҧқымдас астықтан жасалады.
Бҧқаның тірілей салмағының әрбір 100 кг арнап тәулігіне 1,0-1,2 кг
пішен, 1,0-1,5 кг тамыржемісті ӛсімдік немесе 0,8-1,0 кг сҥрленген шӛп және 7-
8 гр ас тҧзын береді, бір малға тәулігіне жем азықтың 1-ден 5 кг дейінгі
қосындысын береді.
Жас, ӛсіп келе жатқан және қоңдылығы онша емес сақа бҧқаларға
кӛрсетілген рациондарға қосымша 1-2 килограмнан жем азығын береді.
Қашырылатын сиырлар саны кӛбейген жағдайда шағылысу кезінде бҧқаларды
етсҥйек және нан ҧнтағымен азықтандыру пайдалы болады, ол
әрбір малға
тәулігіне 50 грамнан бастап 300-400 грамға дейін беріледі. Минерал азықтарды
және етсҥйек ҧнтағын жем азық қосындысымен бірге, ҧнтақ тҧзды –арнаулы
астаушаларда, жалайтын тҧзды тікелей оттықтардың ӛзінде берген жӛн
болады.
Қыс уақытында бҧқаларды витаминдерге бай азықтармен: қызыл
сәбізбен, сҥрленген пішенмен азықтандыру керек. Бҧл кезде жем азықтардың
бір бӛлегін ашытылған, ал дәннің біразын ӛндірілген кҥйінде (сҧлы, арпа) беру
керек.
Жада бҧқаларды шҧрайлы жайылымда бағып, жем азығымен ҥстем
азықтандырады. Кӛк азық қоректілігі жағынан олардың тәуліктік рационының
50 пайызына дейінгі мӛлшерін қамтуға тиіс. Бҧқаларды тәулігіне ҥш рет, жазда
тӛрт рет сумен суарады. Бҧқаларды жҧмыстан немесе шағылысудан кейін іле-
шала суаруға болмайды, сол сияқты шағылысуға 2-2 ,5 сағаттан аз уақыт
қалғанда суаруға болмайды.
Тәулікте берілетін азықты ҥш бӛлікке бӛледі де оны кҥннің белгілі
уқытында
беріп отырады, мҧнда ең әуелі жем азықтарды, содан кейін сулы
азықтарды, ең аяғында кӛлемді азықтарды береді.
Бҧқаны сиырлар тҧратын (егер табындағы малдың дені сау жағдайда)
жалпы мал қорасында бағу керек. Бҧқалардың тҧратын орны мал қорасына
кіретін есіктерге қарама-қарсы болып орналастырылады. Ірі бҧқалар ҥшін
тҧратын орынның кӛлденеңі 1,5-1,6 метр, ҧзындығы 1,95-2,25 метр болады.
Барлық мал сияқты тҧқымдық бҧқа ҥшін де қора таза, қҧрғақ болуға тиіс,
онда жеткілікті вентеляция, жарығы жақсы, ӛтпе желсіз болуы керек. Жаз
уақытында,
ауа райы жақсы болғанда, бҧқаның басын байлап, арқандап жаю
керек. Ыстық уақытта кҥн тҥспейтін кӛлеңкеде және қатты желден қорғайтын
ық жерде ҧстау керек. Бҧқаны кҥту жҧмысын неғҧрлым тәжірбиелі, ӛз ісін
жақсы білетін, оны сҥйетін малшыға тапсырған жӛн.
Тҧқымдық бҧқаның әр басына кҥн сайын тәулігіне 2-3 киллограмға
дейінгі мӛлшерде жаңа тӛсеніш салып отыру керек. Қыйды және ластанған
тӛсенішті ҧзақ қалдырмай тазартып отырады.
Бҧқалардың ҥстін кҥн сайын тазартады. Кҥпегінің тазалығын (ластан
тазартып, ҧзын жҥнін қырқып тастау керек) ҧқыпты тҥрде бақылап отыру
керек және тҧяғын әлсі-әлі тазартып, оның ӛскен жерін алып тастау керек.
Жаз уақытында тҧқымдық бҧқаны
шомылдыру пайдалы, бірақ суық
тигізбеу ҥшін оны суда 10 минуттан артық ҧстамау керек. Сонымен бірге
судың температурасы 18 градустан тӛмен болмауға тиіс.
Бҧқаны шағылыстырудан, азықтандырудан және жҧмыстан кейін іле-
шала шомылдыруға болмайды. Шомылдырғаннан кейін бҧқаны сабанмен
немесе щеткамен әбден қҧрғатып, сҥрту керек.
Достарыңызбен бөлісу: