міне сондықтан да қозылар сҥтпен мҥмкіндігіне қарай мол және ҧзақ уақыт
қоректендірілуге тиіс. Енесінің сҥті жеткілікті болуы, ал қозылардың тез ӛсіп
бір қалыпты дамуы ҥшін қозы емізетін саулықтарды жақсы азықтандыру
керек.
Бҧл кезде саулықтарды нашар азықтандыру олардың әлсіреуіне,
жҥдеуіне, сҥтінің кемуіне, соның салдарынан қозылардың нашар ӛсуіне және
ауруға шалдығуына әкеліп соғады. Сҥттілігін арттыру ҥшін қыс пен ерте
кӛктемде қоздатылатын саулықтарға жайылымға шыққанға дейін жақсы
пішенмен қоса сҥрленген азық және жемнің қоспасын беру керек.
Саулықтарды бҧршақтҧқымдас пішенмен (беде, жоңышқа) азықтандыру
бәрінен де тәуір болады. Сҥрлемді немесе танмыржемістерді әрбір малға
тәуелігіне 2-3 килограммға дейін жегізу керек. Жем беруді тәулігіне 400
граммға дейін жеткізуге, ал кӛп тӛлдегіш саулықтарға 500-600 граммға дейін
жеткізуге болады.
Саулықтар мен қозылардың іш ауыруын болдырмау ҥшін қозысын
емізетін саулықтарға берілетін азықтардың барлығы сӛзсіз жоғары сапалы
болуға тиіс.
Кӛктемгі қой қоздатуда кӛк жайылымды толық пайдаланудың маңызы
ӛте зор. Жас, сулы кӛк азық саулықтардың сҥттілігін едәуір арттырады. Егер
шҧрайлы жайылым болса дені сау, кҥйлі саулықтарды ҥстеп азықтандырғанда
тӛмен нормаларды пайдалануға болады. Нашар жайылымдарда барлық
саулықтарды оларға 200-300 грамм жем азықтарын және 2 килограмға дейін
сҥрлем беріп, ҥстеп азықтандыру қажет. Шек, қарын ауруларын болдырмау
мақсатымен тек азыққа 1,5– 2 апта бойында бірте-бірте кӛшіру керек. Қозысын
емізетін саулыққа кҥн сайын тҧз беру қажет.
Саулықтар мен қозыларды тек қҧдықтың суымен немесе ағын сумен
тілегенше тәулігіне екі ретке дейін суару керек. Егер қҧдықтар жайылымның
жарты километрден аса қашықтықта болса, суды барлық сақпандар ҥшін
тасып отыру керек.
Егер ӛзендердің, кӛлдердің және бҧлақтардың суы пайдаланса, олардың
жанынан астаулар мен багы бар суаратын алаң жабдықтау керек. ӛте жас қозы
сақманын тәулігіне екі-ҥш рет суарады, ал марқа қозыларды бір рет суаруға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: