Әр гектардан 40-100 ц пішен, 250-400 ц кӛкшӛп, 18-20 ц тҧқым алуға
болады. Судан шӛбін кӛктей және жайылым ҥшін пайдалануға ӛсіретін
аудандарға – Украинаның далалық, орманды дала аймақтары, Солтҥстік
Кавказ, Орталық Қаратопырақты аймақ, Қазақстан, Орта Азия және Сібір
жатады.
Судан шөбінің
(Sorghum Sudanense) кҥшті жетілген тамыр жҥйесі 2,0-2,5
м тереңдікке енеді соның арқасында қҧрғақшылыққа ӛте тӛзімді, сабағы тік
ӛседі, буындары ӛте кҥшті, орташа бҧтақтанатын, биіктігі 1,5-3 м жететін
ӛсімдік. Жапырағының ҧзындығы 60 см, ені – 4,5 см болады. Гҥлшоғыры
шашыранды немесе жартылай сығылған шашақбас. Ӛздігінен ӛте сирек
тозаңданады, кӛп жағдайда жел кӛмегімен айқас тозаңданады. Тҧқым
қабырғасынан сәл қысыңқы, гҥл және масақ қабықшаларымен тығыз
жабылған. 1000 тҧқымының салмағы 8-15 г жетеді.
Судан шӛбі жылуды, жарықты сҥйетін, қысқа кҥннің ӛсімдігі. Қҧмды
және ашық қызыл-қоңыр топырақта нешер ӛседі, қара және қоңыр топырақты
жерде ӛнімді жақсы береді.
Өсіру ерекшеліктері.
Судан шӛбінің жақсы алғы дақылдарына –
кҥздіктер, отамалы және дәнді дақылдары жатады.
Судан шӛбі егістігінің әр гектарына 20-25 т кӛң және N45P30K30
беріледі. Себілетін тҧқым жақсы іріктелген, ӛнгіштігі 90% кем болмауы керек,
тҧқымды 4-5 см тереңдікке, топырақ жылуы 12-150 болғанда себеді, жеңіл
және қҧрғақ топырақта тҧқымды 7-8 см тереңдікке ендіреді.
Мал азықтық ауыспалы егісінде судан шӛбін пайдалану жағдайына қарап
(20 июньде, 10 июльде) әр тҥрлі мерзімде егуге болады. Жай қатарлы егіспен,
әр гектарға 15-20 кг тҧқым себіледі. Ӛте қҧрғақшылық аудандар мен арамшӛпті
жерлерде, тҧқымға арналған судан шӛбінің қатараралығын 45-50 см етіп, кең
қатарлы әдіспен, әр гектарға 10-15 кг тҧқым себу де жақсы нәтиже береді.
Тҧқым сеуіп болысымен егістікті шығыршықты немесе ізді катоктармен
нығыздайды. Топырақ беті қабыршақтанған жағдайда, оны жеңіл тырмалаумен
қҧртады.
Судан шӛбі неше рет шабылса, сонша рет азот және басқа да
тыңайтқыштармен қоректендірілуі, кӛлденеңінен тырмалануы керек. Судан
шӛбін бас алуы алдында шӛпке шабады. Екінші және келесі ору жҧмыстарын
әрбір 30-35 кҥннен кейін қайталап отырады. Шӛп сабағын кесуді 7-9 см
биіктікте жҥргізеді.
Бас сабағының шашақ басы пісіп, тҧқымдары қатайғанда, комбайнмен
биігірек шауып тҧқымға жинайды. Шашақ басы жиналғаннан кейінгі сабақ
қалдығын шӛп орғыштармен шабады. Жиналған тҧқымды тазалап,
ылғалдылығы 13-14% жеткенше кептіреді.
Судан шөбінің сорттары:
Қазақстанда судан шӛбінің тоғыз-ақ сорты
аудандастырылған, олар мыналар:
Достарыңызбен бөлісу: