«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет164/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


12- бӛлім. МАЛ АЗЫҚТЫҚ ДАҚЫЛДАР 
Елімізде мал шаруашылығын дамыту ҥшін қҧнарлы мал азығын 
дайындау қажет, ал ол ҥшін екпе дақылдар егісін ҧлғайту тиімді болатыны 
белгілі. Егістіктен жемӛшӛп ӛндіру проблемасы Оңтҥстік және Оңтҥстік – 
Шығыс Қазақстан жағдайында, ең алдымен суармалы жерді тиімді пайдалану 
негізінде жҥзеге асырылады.
Қазақстан егіншілігінде мал азығы ҥшін әртҥрлі ботанмкалық туыстар 
мен тҥрлерге жататын кӛптеген ӛсімдіктер ӛсіріледі. Оларды биологиялық 
ерекшеліктеріне және оқып ҥйренуге ыңғайлы болуы ҥшін тӛмендегі топтарға 
бӛледі:
1.
Тамыр жемістілер (қызылша, сәбіз, тарна және турнепс); 
2.
Мал азықтық бақша дақылдары (қарбыз, асқабақ); 
3.
Бір жылдық шӛптер (жаздық және кҥздік сиыржоңышқа, сераделла, 
бір жылдық беде, астық тҧқымдастардан – судан шӛбі, итқонақ және тағы 
басқалар); 
4.
Кӛп жылдық шӛптер (бҧршақ тҧқымдастардан – жоңышқа, беде, 
эспарцет; астық тҧқымдастардан – атқонақ, бетеге, еркекшӛп, арпабас, ҥй 
бмдайық);
5.
Мал азықтық жаңа ӛсімдіктер (кӛп жылдықтардан – Вейрих тараны, 
Соснов аюбалдырғаны, қатты майтамыр; бір жылдықтан – қҧлқайыр және 
майлы шомыр). 
12.1 Мал азықтық бір жылдық шӛптер. 
 
Бір жылдық екпе шӛптердің азықтық және агротехникалық елеулі 
маңызы бар. Олар кӛктей шабылғанда сіңімділігі жоғары ӛнім бередіәжәне 
кӛптеген басқа да дәнді дақылдарға жақсы алғы джақыл. Азықтық дақыл 
ретінде шӛп және кӛк шӛп алуға себілсе, жердің қҧнарлығын жақсартып, одан 
алынатын ӛнім мӛлшерін ҧлғайтуға әсер етеді.
Бір жылдық мал азықтық шӛптер ботаникалық екі туысқа – бҧршақ және 
астықтҧқымдастарына бӛлінеді. Бҧршақ тҧқымдас шӛптерге жаздық және 
кҥздік сиыржоңышқа, сераделла, беденің бір жылдық тҥрлері, ал астық 
тҧқымдастарға судан шӛбі, итқонақ және ҥй бидайық т. б. кіреді. Қазақстанда 
бір жылдық шӛптердің егіс кӛлемі 800 мың гектар шамасында. 
Бұршақты бір жылдық шөптер ( жаздық сиыр жоңышқа) 
Кӛктей шӛпке шабылған жаздық сиыржоңышқаның қҧрамында кӛптеген 
сіңімді протеин, минералды тҧздар және витаминдер болғандықтан барлық 
малдың сҥйкімді азығы. Гҥлдеген кезде кӛктей шабылған сиыр жоңышқаның 
100 килограмында 3–6 кг қорытылатын протеин және 16,5 мал азық ӛлшемі 
болады. Ал бағалы шӛбінің 100 килограмында 45,8 мал азық ӛлшемі және 12,3 
кг қорытылатын протеин кездеседі.
Жаздық сиыржоңышқаның әр гектардан беретін кӛк шӛп балаусасы 200 
ц, кейде одан да кӛп болады, ал тҧқымдық ӛнімі 15 – 20 ц. Негізінен оны ерте 
кӛктемде сҧлымен бірге, кей жағдайда аңыздық дақыл ретінде де егеді. Аса 


қҧрғақшылық аудандарда суару арқылы ӛсіреді де, ал еліміздің солтҥстік және 
солтҥстік шығыс аудандарынан басқасында сиыржоңышқа сусыз – ақ жақсы 
ӛсіп жетіледі.
Сиыржоңышқаның белгілі 85 тҥрінің ішінде маңызы мен егіс кӛлемі 
жӛнінен жаздық сиыржоңышқа (Vіcіa satіba) бірінші орын алады. Бҧл бір 
жылдық ӛсімдіктің тамыры, кӛптеген тамыршалары бар – кіндік тамыр. 
Тамырындағы тҥйнек бактериялар ауадағы бос азотты сіңіріп, топырақты осы 
қоректік затпен толығынан қамитамасыз етеді. Бір гектар жерге қалдыратын 
биологиялық азот мӛлшері ауа райына, топырақ қҧрамына байланысты 150 – 
250 кг. Сабағы ӛте жіңішке, бҧтақтанып ӛсіп, тез жапырылады. Жапырақтары 
жҧптан қҧралған және ҥш жағында жиналып жабысатын мҧрттары бар, кҥрделі 
салалы келеді. Гҥлдері жапырақ қолтықтарына екіден орналасқан, қысқа 
сағақты, кҥлгін – қызыл, кӛкшіл тҥсті. Кӛбіне ӛздігінен тозаңданады. Жемісі - 
әрқайсысында 4 – 10 тҧқымы бар бҧршақ. Тҧқымы дӛңгелек, екі бҥйірі 
батыңқы, сары-қоңыр, ақшыл, кейде қара тҥсті. 1000 тҧқымының салмағы 45 – 
60 г болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет